ХХ ғасырдың 50 – 60 жылдары неопозитивизмнің жаңа бағыты – лингвистикалық философия пайда болды. Л. Витгенштейннің пікірінше дүние заттардың емес, фактілердің жиынтығы. Дүние – логикалық кеңістіктегі
ХХ ғасырдың 50 – 60 жылдары неопозитивизмнің жаңа бағыты – лингвистикалық философия пайда болды. Л. Витгенштейннің пікірінше дүние заттардың емес, фактілердің жиынтығы. Дүние – логикалық кеңістіктегі фактілер.
Адамның қоршаған табиғи және әлеуметтік байланысының жалғыз формасы – тіл. Басқаша айтсақ, адамның ойындағы бейнесі тілдің құрылымы ерекшеліктері арқылы анықталады. Адамның дүниесі оның тілінің дүниесі. Адам дүние туралы тілдің табиғатына сәйкес дұрыс пайымдауы мүмкін, немесе тілдің табиғатын бұзып бұрыста айтуы мүмкін, онда адасу, шатасу басталады. Көптеген теориялық, тіпті әлеуметтік проблемалар тілді дұрыс қолданбағандықтан шығады.
Қолданып жүрген тіл жетілмеген. Философияның міндеті – біздің ойымызды және сөйлемдерді түсінікті ету.
Адам іс әрекетінің жетекші саласы ретінде ғылым өз тарихында өзін дәйектеу проблемасынан әлі айырылған жоқ. Осындай проблемалар туралы әртүрлі пікірлер жүйесі өте маңызды философияның бір бөлімі ғылымдар философиясын құрайды. Ғылымдар философиясының алға қойған мақсаты, ғылымның нәтижелерін бағалау критерийлерін негіздеу, ғылымдағы маңызды өзгерістерді байқап және бағалау, сонымен бірге ғылыммен және жалған ғылымның арасын ажырату (демаркациялау). Философиялық білімде ғылым туралы кереғар пікірлер қалыптасты. Біреулері ғылымға қарсы (антисциентизм) бағыт ұстанса, екіншілері ғылымды философиялық тұрғыдан терең талдап оның шығуын, дамыун негіздеуге күш салды. Осындай философиялық қағидалар (концепция), онша көп емес. Оған постпозитивизмді жатқызуға болады.
Осы философиялық бағыттың негізін XX ғасырдың 30 – шы жылдары К. Поппер салды. Позитивизммен неопозитивизмнің жасаған ғылым картинасы XX ғасырдың ортасына таман әлсіреп, өзінің күшін жойды.
Қалыптасқан жағдайға жан бітіріп тәуекел еткен ғылымдар философиясының жаңа бағытының өкілдері К. Поппер, Т. Кун, И. Лакатос, П. Фейерабенд және т.б.Олардың арасында да әртүрлі пікірлер бар. Неопозитивизмді ауыстырған “постпозитивизм” ұғымы әртүрлі концепциялардың жиынтығын қамтиды.
Олардың әртүрлілігіне қарамастан, барлығына ортақ идеяларын шамамен төмендегідей қарастыруға болады:
1) ғылымды теориялық тұрғыдан түсіну ғылыми білімнің динамикалық картинасын құрғанда ғана мүмкін;
2) ғылыми білімнің өзінің табиғатынан тұтас, оны бір бірінен тәуелсіз эмпирикалық және теориялық деңгейге бөлуге болмайды, өйткені көрінген эмпирикалық білімнің теориялық “жүгі” бар;
3) философиялық концепциялар (онтологиялық және методологиялық) нақты – ғылыми білімдер тығыз байланыста. Философия ғылымның дамуына шек қоймайды, философиялық ой-пікірлер ғылымның “пәніне” айырылмастай кірген;
4) ғылыми теориялар бір бірінен тәуелсіз, көп жағдайларда оларды салыстыруға болмайды;
5) ғылыми білімдерді өзгертудің мақсаты ақиқатқа жету емес, алдағы “таяу” тұрған мақсаттардың бір екеуін іске асыру; кейбір құбылыстарды жете түсіну, ғылыми проблемалардың көпшілігін шешу; қарапайым және ықшамды теорияларды құру және т.б.
Енді, постпозитивизмнің кейбір белгілі өкілдеріне назарымызды аударайық: К. Поппер – ғылымның философиялық концепциясын жасаушы. Поппер неопозитивизмнің ғылыми сөйлемдерді верификациялау концепциясының сәтсіздігін заңды дейді. Еске сала кетейік, неопозитивизм – көрінген ғылыми теория тәжірибеден алынуы керек деген қағиданы ұстанады.
Ғалымдар жаналықты ашқанда фактіден теорияға өтпейді, керісінше гипотизадан жалқы пайымдауға өтеді, яғни гипотетико-дедуктивті әдісті пайдаланады дейді. Поппер ғылыми принциптерді фактілер арқылы тексере алмайсын. Сынау үшін оған сәйкес келетін фактілерді іздеу емес, керісінше оны жоққа шығаруға талпыну керек.
Сонымен, К. Поппер ғылыми біліммен жалған білімді айырып алу үшін фальсификация принципін ұсынады. Ғылым мен философия, К. Поппердің пікірінше әртүрлі бір – біріне ұқсамайтын құрылымдар. Философиялық тұрғыдан ғылыми ақиқаттылықтың жолы жалған білімдерден әлсін-әлсін тазарып отыру. Оған мысал ретінде Поппер марксизм философиясын алады. Алғашқы кезеңде марксизм концепциясында ғылымилықтың белгісі болған, өйткені оның кейбір қағидаларын жоққа шығаруға болған болар еді. Кейіннен, қайшылықтары айқындала бастағанда, теорияны “құтқару” мақсатында ол қайшылықтарды түсіндірумен айналысып фальсификация принципін бұзды. Сондықтан, К. Поппер марксизмді жалған теория деп есептейді. Философия ғылым емес, өйткені оның пайымдауларын жоққа шығара алмайсын, бірақ оны мағынасыз деп айта алмаймыз. Фальсификация принципі арқылы ғылым мен философияның арасын ажыратамыз. Осы принцип, философиялық білімдер жүйесін керексіз, мағынасыз деп жоққа шығармайды. Философия, К. Поппердің пікірінше ғылыми прогресстің қозғаушы күші.
Осы пайымдаулардың авторының философияны жақтап шыққаны байқалады, басқа позитивистер сияқты оны жоққа шығармайды, бірақ философияның пәні тарылған. Философия ғылым болғысы келсе сынмен айналасуы керек. Философиялық іс-әрекет “сыни рационализм” өкілдерінің пікірінше тек сындарлы әрекет.
Сонымен, К.Поппер ғылымды теориялық деңгейде тұтас жүйе ретінде талдауды ұсынады. Көрінген теория, ғылым статусын сақтағысы келсе, тәжірибе арқылы бекерге, жоққа шығарылуы керек.