Хим 125 ответ docx


 Энтропия жəне оның өзгерісін анықтау



Pdf көрінісі
бет11/51
Дата27.12.2023
өлшемі417,73 Kb.
#199703
түріҚұрамы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   51
Байланысты:
хим 125 ответ.docx
Кибербуллинг, дипломный проект, Allomorphism and isomorphism of case auxiliary words in different system of the language, METHODS OF IMPROVEMENT OF WRITING, 9-klass, 8 сынып 2 тоқсан дұрысы
25. Энтропия жəне оның өзгерісін анықтау
Энтропия (гр. еntropіa – бұрылыс, айналу) – тұйық термодинамикалық жүйедегі
өздігінен жүретін процестің өту бағытын сипаттайтын күй функциясы.
Термодинамиканың бірінші заңы энтальпия, ішкі энергия сияқты күй функцияларын
ендіргендей, термодинамиканың екінші заңы – энтропия күй функциясын ендіреді.
Энтропия (Клаузиус бойынша) – өзгеріске ұшыру қабілеттілігі, жəне ол процестің
жылуымен байланысты (Q/T) болады. Жүйе үшін энтропияның артуы жүйенің
реттілігі жоғары күйден, реттілігі төмен күйге ауысуын білдіреді. Егер жүйе реттілігі
төмен күйден реттілігі жоғары күйге ауысса, энтропия азаяды. Демек, абсалют ноль
температурада идеал криталда толық реттілік, ал энтропиясы нольге тең болады. Реал
кристалдарда əрдайым қоспалар, кристал торындағы ақаулар болады, сондықтан төмен
температураның өзінде де қатты денелердің энтропиясы нольге тең болмайды


26. Термодинамиканың бірінші заңы
Термодинамиканың бірінші заңы энергияның сақталу заңының математикалық
көрінісі болып табылады: энергия жоқтан пайда болмайды жəне жоғалып кетпейді, тек
бір түрден екінші түрге ауысып отырады. Термодинамиканың бірінші заңы негізінде
химиялық реакциялардың энергетикалық баланстары есептеледі.
27. Ішкі энергия жəне оның өзгерісі
Ішкі энергия – дененің (жүйенің) тек ішкі күйіне байланысты энергия. Ішкі
энергияға дененің барлық микробөлшектерінің (молекулалардың, атомдардың,
иондардың, т.б.) ретсіз (хаосты) қозғалыстарының энергиясы, микробөлшектердің
өзара əсерлесу энергиясы, атомдар мен молекулалардың ішкі энергиясы, т.б. жатады
Дененің бір күйден екінші күйге ауысу барысындағы Ішкі энергиясының өзгерісі
(ΔU) мынаған тең: ΔU=ΔQ–A, мұндағы Q – жүйенің қоршаған ортамен алмасқан жылу
мөлшері, А – істелген жұмыс. Бұл теңдеу жылу алмасу процесі басты рөл атқаратын
жүйелердегі энергияның сақталу жəне айналу заңын (термодинамиканың бірінші
бастамасын) өрнектейді. Энергияның сақталу заңына сəйкес Ішкі энергия физикалық
жүйе күйінің, яғни осы күйді анықтайтын тəуелсіз айнымалылардың (мысалы,
температура, көлем не қысым), бір мəнді функциясы болады. Q жəне А шамаларының
əрқайсысы жүйені Ішкі энергиясы U1-ге тең күйден U2-ге тең күйге ауыстыратын
процестің сипатына тəуелді болады, ал ΔU=U2–U1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет