Хим 125 ответ docx


 Химиялық тепе-теңдік, оның ығысу жағдайлары



Pdf көрінісі
бет13/51
Дата27.12.2023
өлшемі417,73 Kb.
#199703
түріҚұрамы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   51
Байланысты:
хим 125 ответ.docx
Кибербуллинг, дипломный проект, Allomorphism and isomorphism of case auxiliary words in different system of the language, METHODS OF IMPROVEMENT OF WRITING, 9-klass, 8 сынып 2 тоқсан дұрысы
32. Химиялық тепе-теңдік, оның ығысу жағдайлары
Химиялық тепе-теңдік — бір немесе бірнеше қарама-қарсы жүретін қайтымды
реакциялар жылдамдықтарының теңескен күйі. Қайтымды реакция аяғына дейін
жүрмейді, ол басталғанда тура жүретін реакцияның жылдамдығы (v1) жоғары, кері
реакция жылдамдығы (v2) баяу болады. Тура реакция жүрген сайын реакцияға
алынған заттың концентрациясы азайып, v1 — жылдамдығы кемиді, керісінше, тіке
реакциядан пайда болған өнімнің концентрациясы артып, v2 күшейеді. Біртіндеп екі
реакция жылдамдығы теңеседі: v1=v2. Осындай жағдайды химиялық тепе-теңдік деп
атайды. Тепе-теңдік орнағанмен қарама-қарсы бағытталған екі реакция да тоқтамай
жүре береді. Егер сыртқы жағдай (қысым, концентрация, температура) өзгермесе
реакция жылдамдықтары тең болып, химиялық тепе-теңдік орнаған қалпында қала
береді, сондықтан оны жылжымалы немесе [динамикалық] тепе-теңдік деп те атайды.
Реакцияласушы жүйенің бір тепе-теңдік күйден басқа басқа тепе-теңдік күйге ауысуын
химиялық тепе-теңдіктің ығысуы дейді.
34. Фазалар шекарасындағы құбылыстар
Беттік құбылыстар. Кез келген фазалардың шекарасы, шекараланатын фазалардың
ішкі бөлімдерінен өздерінің физика-химиялық қасиеттері бойынша ерекшеленеді. Бұл
ерекшелік фазалар шекарасындағы беттік бос энергияның артық мөлшерде болуымен
сипатталады.
Коллоидты жүйелердің мөлшерлік белгісі дисперстік дəрежесі болып, оның сапалық
белгісі əртектлік (гетерогендік) болып табылады. Бұл екі қасиет беттік процестермен
тікелей байланысты. Əртектіліктің болуы фазалараралық беттің беттік кернеулігінің
бар екендігін білдіреді. Бірне-бірі жанасатын фазалар гетерогендігі жағынан
бір-бірінен қаншалықты айырмашылығы көп болса, фазалараралық кернеуліктің мəні
соншалықты жоғары болады. Фазалараралық бет ауданының беттік кернеулік
коэффициентіне көбейтіндісі, нақты осы беттің бос энергиясының мəнін береді:


A=sS


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет