Химия еліне саяхат Оқушылардың химияға қызығушылықтарын арттырудың бір жолы дәстүрлі емес сабақтар өткізу



бет3/3
Дата15.09.2017
өлшемі261,3 Kb.
#33090
1   2   3

Мазмұны

 [жасыру



Озон қабатының бұзылуы[өңдеу]

Озон жыртығы, озон тесігі – озоносфера қабатының жарылуы (диаметрі 1000 км-ден астам). Антарктида мен Арктикада ерекше байқалады. Бұл құбылыс 20 ғасырдың 80-жылдарында байқалғанымен, оның пайда болу себебі әлі күнге дейін талас тудыруда. Озон жыртығы табиғи, сондай-ақ антропогендік жағдайларға байланысты, әсіресе өнеркәсіпте және күнделікті тұрмыста озон қабатын бұзатын құрамында хлоры бар хладондарды (фреондарды) пайдалануға байланысты пайда болады деп есептелінеді. Соңғы 20 жылда озон жыртығы аясы ұлғая түсті (жыл сайын 4%-ға). Озон жыртығы арқылы күннің ультракүлгін сәулелерінің атмосфераға еш бөгетсіз өтіп кетуі қоршаған ортаны ластап, ондағы тірі организмдерге қауіп-қатер туғызады. Түрлі вирусты және қатерлі ісік ауруларының көбеюіне әкеледі. Сондай-ақ күннің ультракүлгін радиациясының жоғарылауынан өсімдіктерде жүретін фотосинтез процесі мен протеиннің түзілуі тежеледі. 1985 ж. озон қабатын қорғау туралы Вена конвенциясы, 1987 ж. Монреаль хаттамасы қабылданған. Озон жыртығы алғаш рет 1985 ж. ағылшын зерттеушісі Дж. Фарман байқаған.



Ультракулгін сәулелердің озон қабатына енуі.

Белоктарға түсті реакциялар


1. Биурет реакциясы. Бұл реакция арқылы белоктардың құрамындағы пептидті байланысты ашады. Пептидтер сілтілі ортада мыс иондарымен күрделі комплексті қосылыстар түзуге қабілетті келеді.
Жұмыс барысы: Пробиркаға несеп нәрінің аз мөлшері алынып, балқығанша қыздырылады. Балқу кезінде аммиак бөлініп шығады. Пробиркадағы кристалды затты салқындаған соң, суда ерітіл NaOH және CuSO4 ерітінділерінен 2-3 тамшыдан қосамыз. Қоспаның күлін түске боялуы биуреттің түзілгендігін көрсетеді.
1. Осындай биурет реакциясын жұмыртқаның концентрлі ерітіңдісімен де жүргізуге болады. Ол шін 2 мл жұмыртқа белогінің ерітіндісін алып, үстіне бірнеше тамшы NaOH пен CuSO4 қосамыз. КҮЛГІН ТҮСТІҢ пайда болғанын байқаймыз.
2.Ксантопротеин реакциясы. Бұл реакция арқылы кейбір циклды амин қышқылдарын ашады. Мысалы: тирозин, фенилаланин, триптофан сияқтылар.
Циклды амин қышқылдары концентрлі азот қышқылымен реакцияласканда, сары түсті нитро туындылар береді. БҰЛ реакция екі сатыда өтеді:
Нитротуындылар сілтілермен әрекетгескенде, күрделі заттар түзеді. Оларды хиноидты формалар деп атайды. Бұл қосылыстардың түсі сары қызыл.
Жұмыс барысы: 1 мл жұмыртқа белогінің ерітіндісіне 5-6 тамшы НNО3 қосып қыздырады. Қоспа сары түске боялады. Екінші сатыда пайда болған аралық өнімді салқындатып, аммиак немесе 30 % NaOH ерітіндісін қоссақ қоспа сары қызыл түске боялады
Ксантопротеин реакциясын белоктардан, пептидтерден және циклды амин қышқылдарынан басқа да көптеген қарапайым ароматикалық қосылыстарда береді /бензол, фенол және т.б./.
3. Миллон реакциясы. БҰЛ реакция арқылы тирозин амин қышқылын ашады. БҰЛ реакцияға Миллон реактиві қолданылады. Ол концентрлі азот қышқылында ерітілген бір валентті сынап нитриты мен нитратынан тұрады.
Жұмыс барысы: 1-2 мл белок ерітіндісіне 5-6 тамшы Млион реактиві қосылады. Оны қыздырғанда қызыл кірпіш түсті тұнба түзіледі.
4. Адамкевич реакциясы. Белок ерітіндісіне концентрлі H2SO4 қатысуында глиоксил қышқылын аз мөлшерде қосса, қызыл – күлгін түс пайда болады. Бұл реакция белок молекуласында триптофан амин қышқылының барлығына және онын сілтілі ортада альдегидтер немесе оксиметилфурфуролмен реакцияға түсіп түсті өнім беруіне негізделген. Глиоксил қышқылы концентрлі сірке қышқылының құрамында аз мөлшерде кездеседі. Сондықтан конц.СН3СООН глиоксил қышқылының көзі ретінде пайдаланылады.
Бұл реакциядағы қосылатын конц. күкірт қышқылы қоспадағы суды байланыстыру үшін Қажет.
Тотықсыздандырылған нингидрин аммиак және нингидриннің екінші молекуласымен әрекеттесу нәтижесінде көк түсті күрделі қосылыс түзеді.
8. Фоль реакциясы. Бұл арқылы құрамында күкірті бар амин қышқылдары ашылады.
Цистеин мен цистин молекулаларындағы күкірт онша күшті байланыспағандықтан, оны негіз бен күкірт сутек түрінде оңай гидролиздеуге болса, ал ол әрі қарай сілтімен әрекеттесіп, натрий немесе калий сульфидтерін береді.
9. Нитропруссид реакциясы. Бұл реакцияда күкірті бар амин қышқылдарын анықтау үшін пайдаланады.
ЖҰМЫС барысы. 1-2 мл белок ерітіндісіне 2-3 мл сілті ертінідісін қосып қайнатамыз. Суығаннан соң жаңадан бірнеше тамшы 10 % натрий нитропруссидінің ерітіндісін қосамыз. Күкірт сутектін натрий нитропруссидімен әрекеттесу нәтижесінде қызыл – қоңыр пайда болады.
Белоктарды тұнбаға түсіру әр түрлі реактивтер арқылы іске асады. Белоктар коллоидты ерітіңді береді. Себебі белок молекуласының бөлшектерінің зарядтары болады. Белоктардың -тұнбаға түсуі, олардың бөлшектерінің дегидратациялануына су қабаттарының бұзылуына байланысты. Осыған байланысты белок молекулаларының тұрақтылық факторларының бірі жойылады, яғни олардың бөлшектері іріленіп коагуляцияланады. Сондықтан тұнбаға түседі.
Белокты заттардың физико-химиялық қасиетгеріне көптеген факторлар әсер етуіне байланысты, олардың макро,- молекулаларының структурасы өзгеріске ұшырайды. Бұл процесс бізге денатурация түрінде белгілі. Денатурация кезінде белоктың макромолекулаларының активті конформациясы бұзылады. Әсіресе мұның олардың коваленттік /пептидтік/ байланыстарын бұзбай-ақ екіншілей және үшіншілей структураларын өзгеріске түеіруге әсері болады.
Денатурациялануды болдыратын факторларды физикалық және химиялық деп екі топқа бөледі: физикалық факторларға — температура, механикалық әсерлер, ультра-дыбыспен өңдеу, ионизациялық сәулелендіру әсері жатса, ал химиялыққа — ауыр металдардың иондары, минерал және органикалық қышқылдар, аммоний тұздары, сілтілік және сілтілік жер металдары тұздарының ерітінділері; органикалық еріткіштер /спирт, эфир, ацетон, хлороформ және т.б./, алкалоидты реактивтермен тұнбаға түседі. Әсер етуі жағынан бұларға ұқсас детергенттер, несеп нәрі, кейбір бояғыштар жатады.
Кейбір физикалық факторлардың әсер ету механизмін жан-жақты қарастыру керек. Мысалы, ультрадыбыс толқындары мен ионизациялық сәулелендіру әсерлері салдарынан белоктың макромолекулалары химиялық өзгерістерге ұшырайды.
Белоктарды тұнбаға түсіру реакциялары қайтымды да қайтымсыз да болып келеді. Қайтымды болса, тұнбаға түскен белоктын макромолекулалары негізінен терең өзгеріске ұшырамайды, сондықтан тұнбаны алғашқы еріткіште /мысалы, суда/ қайтадан ерітуге бйлады. Қайтымды тұнбаға түсіру аммоний тұздары, сілтілік және сілтілік жер металдары тұздарының /тұздау/, спирт пен басқа да органикалық еріткіштердің әсерлерінен болады.
Қайтымсыз тұнбаға түсіруде белок терең өзгеріске ұшырайды да, ол гидрофильды қасиетінен айырылып, гидро-фобтыға ауысады. Денатурацияланған белок, өзінің бастапқы физика-химиялық және биологиялық қасиеттерін қалпына келтіре алмайды. Қайтымсыз тұнбаға түсіру жоғары температураның қышқылдардың ауыр металдар иондарының алколоидты реактивтердің детергенттер, бояғыштар әсерлерінен де болады.
Фенол және формалинмен белокты тұнбаға түсіру
2 пробиркаға 1 мл белок ерітіндісін құйып, біреуіне сондай мөлшерде қаныққан фенол, екіншісіне қаныққан формалин ерітіңдісін қосады. Пробиркадағы сұйықтықты араластырып, бірнеше минут өткеннен кейін тұнба түзілгенін көреміз. Формалин мен фенолдың дезинфекциялау әсері олардың белокты ұйытуына негізделеді. Осыған байланысты олар түрлі зиянды бактерияларды құрта алады.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет