Химия және химиялық технология факультеті


лекция Қаныққан көмірсутектер



бет16/26
Дата12.12.2023
өлшемі157,16 Kb.
#196548
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26
Байланысты:
Химия және химиялық технология факультеті-www.emirsaba.org
Презентация (17)-1, Галогендер және оның қосылыстары (галогендердің алыну жолдары ме-emirsaba.org
2 лекция
Қаныққан көмірсутектер
  1. Анықтамасы. Гомологтық қатары.


  2. Номенклатурасы және изомериясы, физикалық қасиеттері.


  3. Алу әдістері.


4. Алкандардың құрылысы, конформациялық анализ.


  1. Химиялық қасиеттері.


  2. Маңызды өкілдері, қолданылуы.


1. Көміртегі мен сутегінен ғана тұратын, өзара тең  - байланыстармен байланысқан, циклсыз қосылыстарды қаныққан көмірсутектер немесе алкандар дейміз. Яғни көміртегінің 4 – валенттігі түгелі жай байланыстармен қаныққан. Алкандарда көміртегі атомдары sp3- гибридтелген.

Мысалы,

СН4 С2Н6 С3Н8


метан этан пропан
Метан, этан, пропанды өзара салыстырсақ, біз олардың бір-бірінен СН2-тобына айырмашылығы барын байқаймыз.

Құрылысы және химиялық қасиеттері ұқсас, бір-бірінен СН2-тобына айырмашылығы бар мұндай қосылыстардың қатарын гомологтық қатар деп атаймыз.


Кез келген гомологтық қатардың өкілдерін жалпы формуламен сипаттауға болады және оларға көбінесе бірдей химиялық қасиеттер (реакциялар) тән. Тек бірінші өкілдері ауытқуы мүмкін.
Алкандардың жалпы формуласы CnH2n+2
СН4 метан С8Н18 октан

С2Н6 этан С9Н20 нонан


С3Н8 пропан С10Н22 декан
С4Н10 бутан С12Н26 додекан
С5Н12 пентан С15Н32 пентодекан
С6Н14 гексан С20Н42 эйкзон
С7Н16 гептан
2. Алғашқы 4 алканның тарихи қалыптасқан аты бар. Одан кейінгілерінің аты грек сандарына –ан деген жалғауы жалғанып пайда болды.

Егер қаныққан көмірсутектен бір сутекті алып тастасақ, қалдық радикал немесе алкил деп аталады.


Радикалдарда –ан жалғауының орынына –ил жалғанады.
Органикалық химияда тривиальды, рационалды наменклатуралар қолданылып келеді. 1965 ж. Парижде қабылданған ИЮПАК номенклатурасы қазіргі кезде қолданылады:

Егер көміртек тізбегі қалыпты, тармақталмаған болса өз аттарымен аталады.


Егер тармақталған болса:
  1. Ең ұзын және күрделі тізбекті тауып, көміртекті сол атпен атайды.


  2. Негізгі тізбекті тапқан соң көміртек атомдарын нөмірлеу керек. Нөмірлегенде тармақтың радикалдар жақын тұрған шетінен бастап нөмірлейді. Егер әр түрлі радикалдар болса, көміртек атомдары аз радикал жағынан бастап нөмірлейді.


Мысалы,




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет