Нуклеофил – электрон жұбын беретін реагент.
Нуклеофильді орынбасу SN – нуклеофил көміртек атомына шабуыл жасайтын иондық реакциялар.
Конформация – осы сәтте молекуланың ядролық арқауының кеңістікте еркін орналасуы.
Конформер –тәуелсіз геометриялық айнымалылар кеңістігінде үздіксіз облыс құрайтын, бұл облысқа потенциалдың энергия бетінің (ПЭБ) минимумы координаталары кіреді, және энергиясы бойынша ең төменгі бірінші реттік нүктеден төмен конформациялар жинағы.
Конформациялық ауысу –конформерлер арасындағы айналым.
Қосылыстың оптикалық белсенділігі – молекула өзінің айнадағы бейнесімен сәйкес келе алмайтындай геометриялық қосылыстарда байқалатын белсенділік.
Ассиметриялық көмірсутек атомы –төрт әртүрлі атоммен немесе топпен байланысқан және симметрия элементтері жоқ көміртек атомы.
Энантиомерлер – бір қосылыстың бір-бірінің айнадағы бейнесі болып табылатын екі формасы.
Рацемиялық қоспа –энантиомерлердің тең қоспасы.
Рацемизация – бір энантиомер молекулаларының рацемиялық қоспаға айналуы.
Диастереомерлер – энантиомерлер болмайтын және айнадағы бейнелер емес, стериоизомерлік құрылымдар.
Мезо–форма – қосылыстың оптикалық активсіз стериоизомерлері, ал басқа оптикалық активті конформацияларда бола алады.
Атропоизомерия – кеңістіктік кедергілер туғызатын “өстік” байланыс айналасында айналудың жоқтығына байланысты, асиметриялық орталықтары жоқ, қосылыстардың оптикалық изомериясы.
Асиметриялық индукция –молекулада асимметриялық орталық болғанда екінші асимметриялық болатын жағдайларды диастеромерлердің бірдей емес мөлшерлері түзілуі.
Алкоксид-анион – спирттер ОН- қышқылдар тәрізді диссоциацияланған кезде түзілетін қосарланған негіз.
Гидридтік ығысу –гидрид–ионның жылдам орын ауыстыруы нәтижесінде аралық түзілетін карбкатионның тұрақтылау карбкатионға қайта топтасуы.
Саррет кешені – спирттерді альдегидтерге жұмсақ тотықтыру үшін қолданылатын CrO3–тің пиридинмен комплексі.