Химия және химиялық технология факультеті


Нуклеофил – электрон жұбын беретін реагент. Нуклеофильді орынбасу S



бет7/26
Дата12.12.2023
өлшемі157,16 Kb.
#196548
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26
Байланысты:
Химия және химиялық технология факультеті-www.emirsaba.org
Презентация (17)-1, Галогендер және оның қосылыстары (галогендердің алыну жолдары ме-emirsaba.org
Нуклеофил электрон жұбын беретін реагент.
Нуклеофильді орынбасу SN – нуклеофил көміртек атомына шабуыл жасайтын иондық реакциялар.
Конформация – осы сәтте молекуланың ядролық арқауының кеңістікте еркін орналасуы.
Конформер – тәуелсіз геометриялық айнымалылар кеңістігінде үздіксіз облыс құрайтын, бұл облысқа потенциалдың энергия бетінің (ПЭБ) минимумы координаталары кіреді, және энергиясы бойынша ең төменгі бірінші реттік нүктеден төмен конформациялар жинағы.
Конформациялық ауысу – конформерлер арасындағы айналым.
Қосылыстың оптикалық белсенділігі – молекула өзінің айнадағы бейнесімен сәйкес келе алмайтындай геометриялық қосылыстарда байқалатын белсенділік.
Ассиметриялық көмірсутек атомы – төрт әртүрлі атоммен немесе топпен байланысқан және симметрия элементтері жоқ көміртек атомы.
Энантиомерлер – бір қосылыстың бір-бірінің айнадағы бейнесі болып табылатын екі формасы.
Рацемиялық қоспа – энантиомерлердің тең қоспасы.
Рацемизация – бір энантиомер молекулаларының рацемиялық қоспаға айналуы.
Диастереомерлер – энантиомерлер болмайтын және айнадағы бейнелер емес, стериоизомерлік құрылымдар.
Мезо–форма – қосылыстың оптикалық активсіз стериоизомерлері, ал басқа оптикалық активті конформацияларда бола алады.
Атропоизомерия – кеңістіктік кедергілер туғызатын “өстік” байланыс айналасында айналудың жоқтығына байланысты, асиметриялық орталықтары жоқ, қосылыстардың оптикалық изомериясы.
Асиметриялық индукция – молекулада асимметриялық орталық болғанда екінші асимметриялық болатын жағдайларды диастеромерлердің бірдей емес мөлшерлері түзілуі.
Алкоксид-анион – спирттер ОН- қышқылдар тәрізді диссоциацияланған кезде түзілетін қосарланған негіз.
Гидридтік ығысу – гидрид–ионның жылдам орын ауыстыруы нәтижесінде аралық түзілетін карбкатионның тұрақтылау карбкатионға қайта топтасуы.
Саррет кешені – спирттерді альдегидтерге жұмсақ тотықтыру үшін қолданылатын CrO3–тің пиридинмен комплексі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет