Байланысты: Химия және химиялық технология факультеті-www.emirsaba.org
3. Органикалық қосылыстардың Бутлеров жасаған құрылыс теориясы. XIX ғасырдың ортасына таман органикалық химияның дамуы жоғары дәрежеге жетті. Көптеген органикалық қосылыстар синтезделді және олардың қасиеттері зерттелді. 1857 ж. А. Кекуле органикалық қосылыстарда көміртектің 4 валентті екенін анықтады.
Велердің сипаттауы бойынша сол кезде органикалық химия “таңғажайып заттарға толы, шетсіз-шексіз, кіруге кісінің жүрегі дауаламайтын қараңғы орман” тәрізді еді.
Органикалық химияның нағыз шыншыл ғылыми- материалистік теориясын 1858-1861 ж. ұлы орыс химигі Александр Михайлович Бутлеров жасады.
Бұл теорияның негізгі қағидалары:
1. Зат молекулалары белгілі бір химиялық құрылысы бар материялық бөлшектер болып табылады, атомдар бірі-бірімен әр заттың өзіне тән ретпен байланысқан.
2. Молекуланы құрайтын атомдардың өзара әсері сол атомдардың реакцияға түсу қабілетін анықтайды.
3. Заттың қасиеттері тек оның сандық және сапалық құрамына емес, сонымен қатар молекуланың химиялық құрырылысына байланысты.
4. Зат молекуласының құрылысын оның қасиеттерін, өзгеру өнімдерін зерттеу, сондай-ақ оны ыдырату және синтездеу арқылы анықтауға болады.
5. органикалық қосылыстарда көміртегі әрдайым 4 валентті. Көміртегі атомдары басқа элементтер атомдарымен ғана емес, бір-бірімен ашық тізбек, тұйық тізбек (цикл, сақина) түзе байланыса алады. Көміртегі атомының осы қасиеті изомерия құбылысын және органикалық қосылыстардың алуан түрлілігін мүмкін етеді. Бутлеров теориясының маңызы мынада:
1. Органикалық химиядағы бейберекет жағдайды бір жүйеге, тәртіпке келтірді.
2. Белгілі фактлерді түсіндіріп, ашылмаған заттарды және олардың қасиеттерін алдын ала болжауға мүмкіндік берді.
Бутлеров структуралық формула түсінігін енгізді. Бұл формула атомдардың бір-бірімен байланысу ретін, байланыстардың еселігін (бір, қос, үш байланыстар) көрсетеді. Бутлеров теориясы изомерия құбылысын тамаша түсіндірді. Құрамы және молекулалық массасы бірдей, бірақ құрылысы әр түрлі, сондықтан қасиеттері де өзгеше заттардың болуы – изомерия деп аталады. Мысалы, Бутлеров бутанның екі изомері болатынын болжап айтты, сосын кейінірек изобутан синтездеп алды:
С4Н10 – бутан
1) СН3 – СН2 - СН2 - СН3 қалыпты бутан
2) СН3 – СН2 - СН3 изобутан
СН3 Пентанда С5Н12 3 изомер, ал С20Н42 – 366319, С30Н62 – 411846763 изомер болуы мүмкін.
Этил спирті мен метил эфирінің молекулалық формуласы бірдей С2Н6О. Бірақ физикалық және химиялық қасиеттері мүлде өзгеше. Себебі құрылысы әр түрлі
СН3 – СН2 – ОН және СН3 – ОН – СН3 этил спирті диметил эфирі