Химия және химиялық технология факультеті


бөлім Лекциялар курсының мазмұны



бет9/26
Дата12.12.2023
өлшемі157,16 Kb.
#196548
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26
Байланысты:
Химия және химиялық технология факультеті-www.emirsaba.org

4 бөлім
Лекциялар курсының мазмұны


N 1 лекция


Тақырыбы: Кіріспе.
Мақсаты: Органикалық химия пәні, даму тарихы, оның маңызы, қарайтын негізгі мәселелері мен нысандарымен, органикалық қосылыстар мен реакциялардың классификациясымен танысу.
Түйіндік сөздер: Органикалық химия, органикалық қосылыс, химиялық байланыс, гибридтену, реагент, классификация, ациклды, карбоциклды, ароматты.
Негізгі мәселелер мен қысқаша мазмұны:
Лекцияның жоспары
  1. Органикалық химияның даму тарихы


  2. Органикалық қосылыстардың табиғи көздері


  3. Жаңа органикалық қосылыстарды синтездеу, олардың өсімдік және жануар организіміне әсері, өндіріс қалдықтарын іске асыру жолдары.


  4. А.М. Бутлеров жасаған органикалық қосылыстардың құрылыс теориясы


  5. Органикалық қосылыстардың классификациясы


1. Органикалық химия ғылым ретінде XIX ғасырдың ортасында пайда болды. Алғашқы даму сатысында органикалық химия өсімдіктер мен жануар организімінде түзілетін заттарды зерттеді. Сондықтан “организм” деген сөзден “органикалық химия” деген келіп шықты.


Қазіргі кезде органикалық химия деп көміртек қосылыстарының химиясын атайды. Сонымен: органикалық химия органикалық қосылыстардың құрамын, құрылысын, қасиеттерін және өзгерістерін зерттейтін ғылым. Ал, органикалық қосылыстар дегеніміз құрамында көміртегі болатын қосылыстар (СО, СО2, Н2СО3 және тұздарынан басқа).
Адамдар ежелден-ақ органикалық қосылыстарды пайдаланып, олардан әр түрлі өнімдер шарап, сыра, бал, сірке суы, органикалық бояулар – индиго, ализарин, эфир майлары, қант т.с.с. алды. Бірақ ол кезде органикалық және бейорганикалық қосылыстардың айырмашылығын ескермеген.
Оқымыстылар ол кезде органикалық заттар тек өсімдік немесе жануар организімінде түзіледі деген пікірде болды. Бұл ағым “витализм” (латынның “vita” - өмір, тіршілік деген сөзінен) деп аталды. Бірақ 1824 ж. неміс дәрігері және химигі Фридрих Велер, тұңғыш рет бейорганикалық газ тәрізді зат дицианды сумен қыздырып, органикалық қосылыс қымыздық қышқылын алды:

Осыдан 4 жыл өткесін 1828 ж. Велер мочевинаны синтездеді (циан қышқыл Н4 қыздырып ): NH2 – C - NH2 Велердің бұл жұмыстары



O
органикалық қосылыстарды химиялық әдіспен бейорганикалық қосылыстардан, ешқандай “өмір күшінсіз” алуға болатынын дәлелдеп берді. Сосын, аз уақыт ішінде әр түрлі елдерде: Ресейден Зинин 1842 ж. – анилин, Бутлеров 1861 ж. – қантты затты (углевод), Германияда Кольбе 1845 ж. – сірке қышқылын, Францияда М. Бертло 1954 ж. – майды синтездеп алды.
Қазіргі кезде белгілі органикалық қосылыстардың саны ~ 5 млн., ал бейорганикалық қосылыстар ~ 650 мың. Жылына ~ 200 мыңдай жаңа органикалық қосылыс ситезделеді.
2. Органикалық қосылыстардың табиғи көздері: мұнай, табиғи газ, көмір, сланецтер, шымтезек (торф), өсімдік және жануар тектес өнімдер.
Табиғи газ – отын ретінде қолданылады. Сондай-ақ пиролиздеп (ыдыратып) ацетилен, сутегі, газ күйесін алады. Галогендеу арқылы хлорлы еріткіштер: дихлорэтан, хлороформ т.б. алынады.
Мұнай негізінен көмірсутектерден тұрады. Құрамы бойынша мұнай парафиндік (АҚШ), нафтендік (Бану), ароматты (Орал) болып келеді.
Тазаланған мұнайды фракцияларға бөледі: 1) бензин (30-1800); 2) керосин – 180-3000; 3) мазут – қалдық.
Тас көмірді әр түрлі әдіспен өңдейді: 1. кокстеу (құрғақ айдау); 2. гидрлеу – яғни сутегімен әрекеттестіріп, синтетикалық отын алады.
Сланецтер тұрмыстық газға айналдырады.
Органикалық қосылыстардың маңызды көздерінің бірі – ағаш. Бір жылда ағаш 200 млн. тоннаға көбейеді екен, яғни мұнай мен көмір өндіруден 20 есе артық. Қазіргі кезде ағаштан азықтық белоктың синтезі белгілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет