Химия және химиялық технология факультеті


Курстың қысқаша сипаттамасы



бет3/26
Дата12.12.2023
өлшемі157,16 Kb.
#196548
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Химия және химиялық технология факультеті-www.emirsaba.org
Презентация (17)-1, Галогендер және оның қосылыстары (галогендердің алыну жолдары ме-emirsaba.org
Курстың қысқаша сипаттамасы. Маңызды органикалық заттар мен материалдарды өндірудің қазіргі кездегі технологиясы өндірістің барлық кезеңдеріндегі химиялық процестерді білуді талап етеді. Өндірістік процестердің қалыпты өтуін жүзеге асыру үшін келешек химик-технологтар органикалық химияны терең игеруі қажет. Органикалық химия өз алдына жеке іргелі ғылым болып табылады, пәннің негізін құрайтын – мұнай химиясы, биоорганикалық, фармацевтік химия, химиялық технология, катализ, органикалық және жоғары молекулалы қосылыстар химиясын зерттеу салалары.
Пәннің мақсаты – студенттерге маңызды органикалық заттар, табиғи қосылыстар, олардың классификациясы, құрылысы, олардың құрылымын анықтау методологиясы, химиялық қасиеттері және генетикалық өзара байланысы туралы фундаментальді білім беру.
Пәнді оқыту міндеті негізгі органикалық молекулалар кластарының құрылысына байланысты химиялық қасиеттері өзгеру заңдылықтары туралы түсінік қалыптастыру және технологиялық процестерді қарастырған кезде осы білімдерді негіз ретінде қолдана білу.
Пәнді оқу барысында студенттер білулері керек: маңызды органикалық заатардың классификациясын, құрылысын, кеңістіктік құрылымын, химиялық қасиеттерін, синтездеудің теориялық негіздерін, негізгі типтік рекакциялардың механизмін; маңызды органикалық заттарды халық шаруашылығында пайдалануды; органикалық заттарды өндіру және қолдануға байланысты экологиялық проблемаларды.
Пәнді оқу нәтижесінде студенттер жасай білулері керек: Органикалық қосылыстарды түрлендірумен, физика-химиялық қасиеттерімен байланысты сұрақтар мен мәселелерді шешу, жалпы теориялық заңдылықтарды нақты химиялық реакцияларға қолдану, реагенттердің қатынасын, реакция өнімдерінің теориялық және практикалық шығымын есептеу.
Пәнді меңгеру үшін алдын-ала оқытылуы қажет пәндер мен аралас пәндердің тізімі:
Бейорганикалық химия: периодтық система және атомның электрондық құрылысы; химиялық байланыс; заттардың құрылысы, комплексті қосылыстар, көміртек, оттек, азот химиясы. Аналитикалық химия: сапалық және сандық анализ. Физикалық химия: реакциялардың термодинамикасы мен кинетикасының теориялық негіздері. Экология негіздері: қоршаған ортаның ресурс сақтау жүйесі және тіршілік қауіпсіздігін арттыру жолдары.
Физика: оптика.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет