Химия лаб раб



бет14/21
Дата21.04.2020
өлшемі472 Kb.
#63797
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21
Байланысты:
Лабораториялық жұмыс нұсқаулығы.doc

Зертханалық жұмыс №7

Тақырыбы: Ерітінділер концентрациялары мен ерігіштігі.

Жұмыстың мақсаты: Әртүрлі концентрациялы ерітінділер дайындау.

Жалпы мағлұматтар: Ерітінділер дегеніміз, екі немесе бірнеше компоненттерден тұратын гомогенді (біртекті) жүйе. Ерітінді компоненттерінің біреуі еріткіш, қалғандары – еріген заттар. Ерітінділер еріген зат концентрациясына қарай қанықпаған, қаныққан және аса қаныққан ерітінділерге ажыратылады.

Қанықпаған ерітінді деп, концентрациясы қаныққан ерітіндінің концентрациясынан кем ерітіндіні айтады.

Қаныққан ерітінді дегеніміз, еріген зат өз ерітіндісімен тепе-теңдік күйде болатын ерітінді.

Белгілі температурада қаныққан ерітіндідегі зат мөлшерінен еріген зат мөлшері артық болса, аса қанық ерітінді деп аталады.

Ерітіндідегі еріген заттың мөлшері массалық үлес (процентпен) және әр түрлі концентрациялар арқылы көрсетіледі:

Еріген заттың массалық үлесі ω-ерітіндінің 100 масса бөлігінде еріген зат массасының бөлігі.

Ерітіндінің мольдік концентрациясы (немесе мольдігі) дегеніміз, 1литр ерітіндідегі еріген зат молінің саны.

Ерітіндінің моляльдық концентрациясы (немесе моляльдығы) дегеніміз, 1кг еріткіште еріген зат молінің мәні.

Ерітіндінің эквиваленттің концентрациясы (немесе нормальдық) дегеніміз, 1литр ерітіндідегі еріген заттың эквивалент саны.

Титр дегеніміз ерітіндінің 1 миллилитріндегі еріген заттың граммен алынған мөлшері.



Құрал-жабдықтар, реактивтер:

  1. 50 мл өлшеуіш колба; Таразы; Өлшеуіш цилиндр; Стакан; Ареометр;

  2. Штатив; Пробирка, мензурка;

  3. Калий бихроматының кристаллы (K2Cr2O7), барий хлориді кристаллогидраты (ВаCl2∙2H2O), натрий тиосульфатының ерітіндісі (Na2S2O3).

Жұмыстың жасалу реті:

Тәжірибе 1. Әртүрлі концентрациялы ерітінділер дайындау.

50 г 5%-тік ерітінді дайындау үшін қанша мөлшерде калий бихроматы қажет екенін есептеңіз және қанша көлемде су керек? 0,01 г дәлдікпен техника-химиялық таразыға есептелініп алынған мөлшерін өлшеңіз. Мензуркаға қажетті көлемде су құйыңыз. Өлшенген калий бихроматын стаканға салып, үстіне мензуркадағы суды құйыңыз. Қоспадағы тұз кристалдары толық ерігенше араластырып, ерітіндіні 60-70 мл-лік цилиндрге құйыңыз. Дайындалған ерітіндінің ареометрмен тығыздығын анықтаңыз.



Тәжірибе 2. Барий хлоридінің 0,1 н және 0,1 М ерітінділерін дайындау.

250 мл 0,1 М ерітіндіні дайындау үшін қанша барий хлоридінің кристаллогидраты ВаCl2∙2H2O қажет? Есептеріңізді оқытушыға көрсеткеннен кейін таразыда сағаттық шынымен есептелініп алынған мөлшерде, барий хлоридінің кристаллогидратын өлшеңіз. 250мл өлшемдік қолбаға сүзгі орналастырып, өлшенген тұзды саламыз. Оған бірте-бірте су құйып, колбаны айналдыра қозғалтып, барий хлоридінің кристаллогидраты толық ерігенше араластырамыз. Бұл жағдайда судың көлемі колбаның 2/3 көлемінен аспауы керек. Тұз толық еріп болған соң ғана колбаға белгіге дейін суды қосу керек. Судың соңғы бөлігін тамшылата құйған жөн. Сұйықтықтың деңгейі төменгі деңгейімен анықталады. Колбаны тығындап, ерітіндіні бірнеше рет колбаны аударыстырып (жоғары-төмен) араластыру керек.

Осындай жолмен 250 мл 0,1 н ВаСІ2 ерітіндісін дайындаңыз.

Тәжірибе 3. Аса қаныққан ерітінділерді дайындау.

а) Натрий тиосульфатының аса қаныққан ерітіндісін дайындау.

Пробирканың 1/4 көлемін Na2S2O3 кристалдарымен толтырп, 1-2 тамшы су тамызыңыз. Пробирканы штативке ұстатып, оны бу қазанына (су ваннасына) салып, тұз толық ерігенше қыздырыңыз. Ерігеннен кейін қыздырғыш пен су ваннасын алып тастап, ерітіндіні бөлме температурасына дейін ауада салқындату керек. Ерітіндіде тұз кристалдарының жоқ екеніне көз жеткізгеннен кейін, кішкене сол тұздың кристалдарын, салқындаған ерітіндіге салыңыз. Қандай құбылыс байқалады?

б) Натрий ацетатының аса қаныққан ерітіндісін дайындау.

Пробирканың 1/4 көлемін СН3СООNa ұнтағымен толтырып, 1-2 тамшы су тамызыңыз. Пробирканы штативке ұстатып, оны бу қазанына (су ваннасына) салып, тұз толық ерігенше қыздырыңыз. Ерігеннен кейін қыздырғыш пен су ваннасын алып тастап, ерітіндіні бөлме температурасына дейін ауада салқындату керек. Осы ерітіндіге натрий ацетатының кішкене кристалдарын салып, аса қаныққан ерітіндіден кристалдануды байқаңыз.

Тапсырма:


  1. Жұмысты мұқият бақылау және түсіндіру.

  2. Алынған ерітінділердің молярлық концентрациясын есептеу.

Зертханалық жұмысқа әдістемелік нұсқаулар:

1. Бірімжанов Б, Нұрахметов Н. Жалпы химия. Алматы «Ана тілі», 1992ж.

2. Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия. М. «Высшая школа», 2001г.

3. Практикум по неорганической химии под ред. Воробьева А.Ф., Дракина С.Н. М., Химия, 1987.



Жұмыста қолданатын негізгі схемалар мен формулалар:

Ареометрдің жұмыс жасау принципі; молярлық, проценттік, нормальдық концентрацияларды өрнектейтін формулалар.



Бақылау сұрақтары:

1. Ерітінділер дегеніміз не?



  1. Қаныққан, қанықпаған және аса қанық ерітінділер дегеніміз не?

  2. Ерітінділердегі еріген заттардың массалық үлесі немесе проценттік концентрациясын өрнектеңіз.

  3. Молярлық концентрация, оны есептеу жолы.

  4. Нормальдық концентрация,оны есептеу жолы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет