Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Сипаттама
|
Тапсырмалар түрлері
|
Білу және түсіну
|
Нақты деректерді, терминдерді, әдістер мен тәсілдерді білу.
Ақпаратты дұрыс еске түсіру, болжау немесе түсіндіру арқылы пәнді ұғатынын көрсете білу.
|
КТБ – Көп таңдауы бар тапсырмалар
ҚЖ- Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
|
Қолдану
|
Әртүрлі мәнмәтіндер мен жағдайларда алған білімдерін және ақпараттарды қолдану.
|
ҚЖ- Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
ТЖ- Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
|
Жоғары деңгей дағдылары
|
Зерттелетін үдерістің құрамдас бөліктерін талдау арқылы ақпарат немесе нәтижелер алу және оны түсіндіру.
Модель құру үшін алған білімдерін біртұтас біріктіру; нақты үдерістерді сипаттайтын модельдерді түсіндіру; дереккөздерден шығатын ой-пікірлерді қалыптастыру.
Ақпараттар, тәсілдер, қорытындылар, нәтижелердің тиімділігі немесе анықтылығы туралы шешім шығару; қолайлы әдіс-тәсілдерді және стратегияларды таңдай білу.
|
ҚЖ- Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
ТЖ- Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
|