«Химия» пәні бойынша тоқсанға арналғанжиынтық бағалау спецификациясы 10сынып



бет1/15
Дата26.10.2022
өлшемі2,36 Mb.
#155036
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
10SYNYPBJB KhIMIYa ZhMB 10 SYNYP TBZhB VK-10SYNYPBJB


«Химия» пәні бойынша


тоқсанға арналғанжиынтық бағалау спецификациясы


10сынып
(жаратылыстану-математикалық бағыт)
БҰЛ ТБЖБ ВК @10synypbjb группасынан алынган!!!


Тіркел!!! vk.com/10synypbjb
Тіркел!!! vk.com/10synypbjb
Тіркел!!! vk.com/10synypbjb


ББЖБ ТБЖБ ЖАУАПТАРЫ БАР!!!
↓↓↓
Nur-Sultan, 2020
МАЗМҰНЫ

1.Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты 3
2.Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 3
3.Күтілетін нәтиже 3
біледі 3
4.Ойлау дағдыларының деңгейі 4
5.Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу 5
6.Жиынтық бағалауды өткізу ережесі 5
7.Модерация және балл қою 5
1-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 7
2-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 17
3-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 28
4-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 38



  1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты


Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
  1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар


«Химия» пәні бойынша жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы
  1. Күтілетін нәтиже


Білім алушылар

біледі


    • негізгі химиялық ұғымдарды;

    • атомистикалық теорияны;

    • органикалық заттардың химиялық құрылыс теориясын;

    • түрлі белгілері бойынша заттарды жіктеуді;

    • органикалық және бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарының номенклатурасын, құрылысын, физика-химиялық қасиеттерін;

    • полимерлі материалдардың, металдар мен қоспалардың, бейметалдар мен олардың қосылыстарының кейбір салаларда қолданылуы және ерекше қасиеттерін;

    • нанотехнологияның кейбір салаларда қолданылуын;



түсінеді

  • түрлі заттардың химиялық реакцияларға түсу қабілеттерін;

  • химиялық реакциялардағы энергиялардың өзгерулерін;

  • химиялық айналымдардың негізгі механизмдерін;

  • кинетикалық теорияның, гомогенді және гетерогенді катализдің, электрохимияның негіздерін;

  • ауыспалы металдардың ерекше қасиеттерін;

  • құрылысына байланысты органикалық және бейорганикалық қосылыстардың химиялық қасиеттерін;

  • талдаудың инструментальды әдісі арқылы қосылыстарды зерттеу қағидаттарын;

  • ең маңызды органикалық және бейорганикалық заттардың химиялық өндірілу қағидаттарын;



қолданады

  • табиғатта, тұрмыста және өндірісте болып жатқан химиялық құбылыстарды түсіндіру үшін, әртүрлі жағдайларда химиялық айналымдардың өту мүмкіндіктерін анықтау және олардың салдарларын бағалау үшін білімдері мен біліктерін;

  • заттарды сапалық және сандық талдау әдістерін;

  • қоршаған ортада экологиялық сауатты болу ережесін;

  • қоршаған ортаның химиялық ластануының тірі ағзаларға әсер етуін бағалау әдістерін;

  • химиялық эксперименттер нәтижелерін әзірлеу, жүргізу, бақылау, жазу және талдау үшін ғылыми әдістерді білу және сыни тұрғыда ойлауды;

  • жанғыш, улы заттарды, зертханалық құрал-жабдықтарды пайдалануда қауіпсіздік ережелерін;



талдайды

  • заттардың қасиеттері олардың құрамы мен құрылысына байланыстылығын;

  • заттардың құрылымы мен қасиеттерін анықтауға арналған олардың қарапайым спектрлерін;

  • химиялық реакцияның жылдамдығы мен химиялық тепе-теңдіктің түрлі факторларға байланыстылығын;

  • Периодтық жүйеде элементтердің қасиеттерінің өзгеру үрдісін;

  • қышқылдар мен негіздердің түрлі теорияларын, ерітінділердегі иондық тепе-теңдіктерді;



жинақтайды

  • органикалық және бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары арасындағы генетикалық байланыстарды;

  • заттардың химиялық байланыс және құрылыс теориясының көмегімен химиялық айналымдардың өту мүмкіндіктері мен нәтижелері туралы дәлелді пайымдауларды;



бағалайды

  • әртүрлі материалдардың қасиеттерін;

  • химиялық реакциялардың жылдамдығына әртүрлі факторлардың әсерін;

  • химиялық тепе-теңдікке сыртқы ортаның түрлі жағдайларының ықпалын;

  • қоршаған орта мен адам денсаулығына химиялық өндірістің әсер ету зардаптарын;

  • радиоактивті ыдырауының әсерлерін;

  • түрлі дереккөздер ақпараттарының дұрыстығын.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет