«Химия» пәні



бет2/6
Дата16.02.2022
өлшемі2,09 Mb.
#132111
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Химия. №1 дәріс

Химияның міндеті: заттарды пайдалану үшін қасиеттерін айқындау, адамдардың сұранысына қажет жаңа химиялық заттар алу, табиғи қорларды орынды пайдаланып, қоршаған ортаны қорғау.
Зат – ол массасы тыныштықта болатын, элементарлы бөлшектерден құралатын материалдық түзілу.
Әрбір заттың белгілі физикалық және химиялық қасиеттері болады:
  • Физикалық қасиетке заттың сыртқы көрінісі, балқу және қайнау температурасы, жылу мен электр тогын өткізу қабілеттілігі, агрегаттық күйі жатады.
  • Химиялық қасиетке заттың басқа затқа айналу (түрлену) қабілеттілігі жатады.

  • Химияның зерттеу объектілеріне химиялық элементтер мен олардың қосылыстары жатады.

Химиялық элемент деп ядро зарядтары бірдей болып келетін атомдардың белгілі бір түрін айтады.

Химиялық элемент атомдардан тұрады.
Атом - химиялық элементтің электрбейтарапты ең кіші бөлігі. Ол оң зарядталған атомдық ядродан және теріс зарядталған электрондардан тұратын, жай және күрделі заттардың молекула құрамына енетін ең соңғы да кіші бөлшегі.
Молекула – ол сол заттың химиялық қасиеті бар, бірдей немесе әр түрлі атомдардан тұратын ең кіші бөлшек.
Молекуланың химиялық қасиеті оның құрамы мен химиялық құрылысымен анықталады. Молекулалар бір, екі және көп атомды болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет