Химияның негізгі стехиометриялық заңдары 1) Массаның сақталу заңы (Ломоносов, 1748 ж.): Химиялық реакцияларға түскен заттардың массасы реакция нәтижесінде түзілген заттардың массасына тең:
NaCl + H2O = NaOH + HCl
58,5 + 18 40 + 36,5
76,5 76,5
2) Көлемдік қатынастар заңы (Шарль Гей-Люссак, 1802 ж.): Реакцияласушы және реакциядан шығатын газдар көлемдерінің өзара қатынасы кішкене бүтін сандар қатынасындай болады:
2 Н2 + О2 = 2 Н2О
2 көлем 1 көлем су буының 2 көлемі.
3) Еселі қатынас заңы (Дальтон, 1803 ж.): Екі элемент бірімен бірі бірнеше қосылыс түзетін болса, ол қосылыстарда сол элементтердің біреуінің бірдей етіп алынған салмақ бөлігіне екіншісінің сай келетін салмақ бөліктерінің өзара қатынасы кішкене бүтін сандар қатынасындай болады:
СО : 42,86 % (масс.) С + 57,14 % (масс.) О;
СО2: 27,27 % (масс.) С + 72,73 % (масс.) О.
4) Авогадро заңы (1811 ж.):Бірдей жағдайда алынған әртүрлі газдардың бірдей көлемдеріндегі молекулалардың саны да бірдей болады.
Авогадро заңынан аса маңызды 3 салдар тұындайды:
а) кез келген заттың 1 молінде молекулалар саны бірдей болады: =6,022 1023 ( Авогадро саны);
б) кез келген газдың 1 молі қалыпты жағдайда (р=760 мм.с.б.б.=1 атм. және Т= 273,15 К) 22,414 л көлемде болады. Бұл көлемді молярлы көлем () деп атайды. = 22,414 л/моль;
в) бірдей көлемдегі әртүрлі газдар массаларының бір-біріне қатынасы олардың молекулалық массаларының қатынасына тең:
= ()
5) Заттардың құрам тұрақтылық заңы (Пруст, 1801 ж.):Қандай жолмен алынған болса да, таза химиялық қосылыстардың сапалық және сандық құрамы әрдайым тұрақты болады.
Мысалы: қосылысында Na мөлшері - 42,073 %, P - 18,902 %, O - 39,024 %, ал ∑Na+P+O=100%.
Құрамы тұрақты қосылыстар дальтонидтер, ал құрамы ауыспалы қосылыстар бертоллидтер деп аталады.
6) Эквиваленттер заңы (Рихтер, 1792-1800 ж.ж.):Әрекеттесуші заттар массасы олардың эквиваленттік массасына пропорционалды:
=
.
Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары Қышқылдар - құрамында қышқыл қалдығы және металл атомымен алмаса алатын бір немесе бірнеше сутек атомдары болатын күрделі заттар. Негізділігі бойынша (сутегі иондарының санына байланысты) қышқылдар бір негізді (HCl, HNO3) және көп негізді (H2S, H3PO4) болады, сонымен қатар құрамындағы оттек атомдары бойынша оттекті (H2SO4, H3AsO4) және оттексіз (HBr, HCN) болады.
Негіздер (гидроксидтер)– металл атомы мен бір немесе бірнеше гидроксил тобынан тұратын күрделі зат.
Тұздар – металл атомдары мен қышқыл қалдығынан тұратын күрделі заттар.
Оксидтер – екі элементтен тұратын және оның біреуі оттек болып келетін күрделі заттар.
Бақылау сұрақтары:
Химияның табиғаттану мен техника дамуындағы маңызы кандай?
Атом, молекула дегеніміз не?
Жай заттың күрделі заттан айырмашылығы кандай?
Күкірт қышқылы, алюминий оксиді, кадмий сульфаты мен никель гидроксидінің молярлы және молярлы эквиваленттік массаларын есептеңіз.
Тұздар, негіздер, қышқылдар, оксидтердің анықтамалары мен жіктелуі.