Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


Кері титрлеу, не қалдық бойынша титрлеу



бет115/401
Дата07.02.2022
өлшемі5,02 Mb.
#88596
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   401
Байланысты:
260f67b3-a150-11e4-8a1d-f6d299da70eeучебно-методические материалы для БТ

Кері титрлеу, не қалдық бойынша титрлеу. Бұл жағдайда екі титрленген ерітінді керек: бірі негізгі, екіншісі қосымша. Мысалы, қышқыл ортадан хлорид-ионын кері титрлеу. Анализге түсетін хлорид-ионы бар ерітіндіге алдын ала титрленген күміс нитратының ерітіндісінің белгілі мөлшерін құяды (Vж) (негізгі ерітінді): Бұл кезде мына реакция жүреді: Ag+ + Cl- = AgCl.

Реакцияға түспей қалған күміс нитратының артық мөлшерін (Vа) аммоний тиоцианат ерітіндісімен (қосымша ерітінді) титрлейді: Ag+ +SCN- = AgSCN. Хлоридтің мөлшерін ерітіндіге құйылған күміс нитратының жалпы көлемінен реакцияға түспей қалған күміс нитраты ерітіндісінің көлемін алып тастау арқылы анықтайды, яғни хлорид-ионымен реакцияға түскен күміс нитратының көлемін V деп белгілесек, ол
V= Vж -Vа болады. Кері тирлеу әдісін көбінесе анықталатын затты титрлеуге қажет индикатор болмаса, не негізгі реакция баяу жүретін болса, қолданады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет