Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар



бет117/401
Дата07.02.2022
өлшемі5,02 Mb.
#88596
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   401
Байланысты:
260f67b3-a150-11e4-8a1d-f6d299da70eeучебно-методические материалы для БТ

Cr2O72- + 14H+ + 6I- = 2Cr3+ + 3I2 + 7H2O
Бөлінген йодты натрий тиосульфатымен титрлеп, тиосульфат мөлшері арқылы дихроматтың мөлшерін есептейді:
3I2 + 6S2O32- = 3S4O62- + 6I-.
ТИТРЛЕУ ӘДІСІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЕСЕПТЕУЛЕР
Барлық есептеулерге қолданылатындай етіп мынандай белгілеулер кіргізейік: анықталатын зат – х; жұмысшы, яғни стандартты ерітінді Ес; анализге түсетін заттың өлшеніп алынған мөлшері – m1,г; пипетканың көлемі Vх,мл; анықталатын зат дайындалған өлшегіш колба көлемі- Vк мл, анализге түсетін заттың құрамындағы анықталатын компоненттің массасы – mх,г; анықталатын затқа кеткен стандартты ерітіндінің көлемі – VЕс,мл.
Егер анықталатын заттың белгісіз мөлшері mх,г; көлемі Vк,мл, өлшегіш колбада ерітілген болса, одан Vх мл көлем пипеткамен алынып (аликвот), оған VЕс, мл стандартты ерітінді мөлшері жұмсалса, анықталатын заттың эквивалентінің молярлық концентрациясын (яғни нормальды концентрациясын) мына формула бойынша анықтайды: С(Эх)= С(ЭЕс)  VЕс /Vх, моль/л (1) - эквивалент заңы бойынша.
Одан Т(х) = С(Эх)М(Эх)/1000 М(Эх) – анықталатын заттың эквивалентінің молярлық массасы, г/моль. mх= Т(х)Vк не mх= С(Эх)М(Эх)Vк /1000 (2)
С(Эс) – стандартты ерітіндінің эквивалентінің молярлы концентрациясы, моль/л, mх- үлгі массасы,г
Анықталатын заттың концентрациясын анықталатын зат бойынша есептелген стандарт ерітіндінің титрі Т(Е/х) арқылы да анықтауға болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет