Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


КӨП НЕГІЗДІ ҚЫШҚЫЛ КОНЦЕНТРАЦИЯСЫН ПОТЕНЦИОМЕТРИЯЛЫҚ АНЫҚТАУ



бет201/401
Дата07.02.2022
өлшемі5,02 Mb.
#88596
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   401
Байланысты:
260f67b3-a150-11e4-8a1d-f6d299da70eeучебно-методические материалы для БТ

КӨП НЕГІЗДІ ҚЫШҚЫЛ КОНЦЕНТРАЦИЯСЫН ПОТЕНЦИОМЕТРИЯЛЫҚ АНЫҚТАУ


Жұмыстың мақсаты. рН-метрде потенциометриялық титрлеу техникасымен танысу. Фосфор қышқылының концентрациясын анықтау. Эксперимент мәліметтеріне сүйене отырып және рН пен потенциалды анықтау, титрлеу қисықтарын салу.
Жұмыс барысы:

  1. Зертханалық рН-метрдің сипаттамасымен және оны пайдалану ережесімен танысу.

  2. Аспапты ток көзіне қосып «включено» тумблеріне басыңыз.

  3. Бюретканы концентрациясы белгілі натрий гидроксидінің ерітіндісімен толтырыңыз.

  4. Буфер ерітінділерімен аспаптың (рН) көрсетулерін өлшеп, рН-тың дұрыс жұмыс істеп тұрғанын алдын ала тексеру керек.

  5. Бюкске концентрациясы белгісіз 20см3 фосфор қышқылының ерітіндісін құйып, оған электродтарды батырады (шыны-индикаторлы және көмекші-хлоркүміс). Электродтарды алдын ала дистильденген сумен шайып фильтр қағазымен кептіріңіз.

  6. Фосфор қышқылының рН және ЭҚК көрсеткішін жазып алыңыз.

  7. Сілті ерітіндісімен титрлеуді жүргізіңіз. Ол үшін 2см3 мөлшерінде сілті ерітіндісінен араластыра отырып құйыңыз. Араластырғаннан кейін рН және ЭҚК көрсеткішін жазып алып отырыңыз.

  8. Титрлеу нәтижелерін төмендегі кестеге жазыңыз




титрлеу

Құйылған сілті көлемі, см3










І титрлеу

рН










Е, мВ










ІІ титрлеу

рН










Е, мВ













  1. Потенциал секірмесін және рН-ты дәл анықтау үшін екінші рет титрлеу жүргізіңіз. Алдын ала шыны электродты және салыстыру электродын қайтадан дистильденген сумен шайып фильтр қағазымен құрғатыңыз. Дистильденген сумен шайқалған бюкске 20,00см3 концентрациясы белгісіз фосфор қышқылы ерітіндісін құйыңыз. Екінші рет титрлеген кезде белгіленген эквивалентті нүктелерде натрий гидроксиді ерітіндісінен 0,2см3 мөлшеріндей құйып отырыңыз, рН және ЭҚК нәтижесін жазып отырыңыз. Натрий гидроксидін әр құйған сайын араластырып отырыңыз. Екінші рет титрлеудің нәтижелері жоғарыдағы кестедегі ІІ титрлеу бөліміне жазылады.

  2. Екінші рет титрлеу нәтижелері бойынша төмендегі кестені толтырыңыз:




Сілті көлемі, см3

рН

Е

ΔрН

ΔЕ

ΔV

ΔpH/ΔV

ΔE/ΔV

























  1. Титрлеуді аяқтаған соң, аспапты өшіріп ток көзінен ажыратыңыз. Электродтарды дистильденген сумен шайып дистильденген суға батырып қойыңыз.

  2. Алынған нәтижелер бойынша титрлеу қисықтарын келесі координаталарда салыңыз:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет