МЫСТЫ (ІІ) АММИАКАТ ТҮРІНДЕ АНЫҚТАУ
Әдіс мыс(ІІ) қышқыл сулы ерітіндіде көгілдір түсті аквакомплекс [Cu(H2O)6]2+ түзуіне немесе аммиак ерітіндісімен мыс (ІІ) көк түсті аммиакат түзуіне негізделген. рН 7 болса, мыс (ІІ) гидроксидінінің Cu(ОН)2 тұнбасы түзіледі. Аммиак ерітіндісімен мыс (ІІ) көк түсті аммиакат түзеді.
Cu2+ + 4NH4OH ↔ [Cu(NH3)4]2+ + 4H2O
Әдіс сезімталдығы 0,2мг/50 мл, комплекстің максимум жарық жұтуы 550-570нм маңында. Мысты (ІІ) анықтауға Ni2+, Co2+ және аммиакта ерімейтін ауыр металдар иондары кедергі жасайды. Ерітінді қышқылдығы артық болса, NH3 пен Н+ қосылып NH4+ түзіледі де мыс (ІІ) аммиакаты бұзылады, ерітінді көгілдір түске көшеді, яғни [Cu(H2O)6]2+ .
Реагенттер.
1.Концентрлі NH4ОН ерітіндісі, 25%.
2.Мыс (ІІ) тұзының стандартты ерітіндісі, ТCu2+ = 2мг/мл, ол үшін 7,8540г мыс (ІІ) сульфатын CuSO4 5H2O дистильденген суда ерітіп, 10мл концентрлі H2SO4 (=1,84г/мл) қосып, литрге дейін сұйылтады.
Достарыңызбен бөлісу: |