Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар



бет214/401
Дата07.02.2022
өлшемі5,02 Mb.
#88596
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   401
Байланысты:
260f67b3-a150-11e4-8a1d-f6d299da70eeучебно-методические материалы для БТ

Жұмысты орындау.
Градуирлік график құру үшін бес 50мл өлшегіш колбаға стандартты мыс (ІІ) ерітіндісінен 1; 2,5; 4; 5,5; 7,0мл құйып, алтыншы колбаға оқытушыдан зерттелетін ерітінді алып, барлық колбаға 5мл-ден концентрлі аммиак қосып, белгісіне дейін дистильденген су құяды. Колбадағы ерітінділерді жақсылап шайқап, фотометрлейді. Жарық фильтрі мен кюветаны алдын ала таңдап алу керек. Салыстыратын ерітіндіге дистильденген су алуға болады. Градуирлік график сызу үшін ординатаға оптикалық тығыздық (Д не А) мәндерін, абциссаға мыс (ІІ) мөлшерін (мг/мл) көрсетеді. Графиктен зерттелетін ерітіндідегі мыс концентрациясын табады.


Молярлық қасиет Әдісімен калий перманганатының концентрациясын фотометриялық анықтау

Калий перманганаты ерітіндісі қызғылт-күлгін түсті, түс интенсивтілігі ерітінді концентрациясына пропорционал.


Молярлы қасиет әдісінде эксперимент жүзінде сіңірудің молярлы коэффициентінің шамасын анықтайды. Сіңірудің молярлы коэфициенті заттың табиғаты мен толқын ұзындығына тәуелді. Сіңіру максималды болатын жарық-фильтрін таңдап алғаннан кейін үш стандартты ерітіндінің оптикалық тығыздығын өлшейді. Содан кейін, қабаттың қалыңдығын анықтаған соң сіңірудің молярлық коэфициентінің орташа шамасын есептейді. Осы жағдайларда зерттелетін ерітіндінің оптикалық тығыздығын өлшеп зат мөлшерін анықтайды, сіңірудің молярлы коэфициент константасының шамасын пайдаланып ( не Е молярлы коэффициент) мына формула бойынша заттың концентрациясы анықталады:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет