Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


МЫС ЖӘНЕ КАДМИЙ ИОНДАРЫН БӨЛУ



бет238/401
Дата07.02.2022
өлшемі5,02 Mb.
#88596
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   401
Байланысты:
260f67b3-a150-11e4-8a1d-f6d299da70eeучебно-методические материалы для БТ

МЫС ЖӘНЕ КАДМИЙ ИОНДАРЫН БӨЛУ


Жұмыс мақсаты: КУ-2 катионитінде бейорганикалық иондар (Сu2+, Cd2+) қоспаларын сапалық бөлу.
Жұмысты орындау: КУ-2 катиониті бар колонкаға Н+ формасында 25мл Сu2+ және Cd2+ иондар қоспасының 0,01М ерітіндісін енгізеді. Қоспаны минутына 2-3мл жылдамдықпен өткізеді. Колонкадан шыққан ерітіндіні төгіп тастайды. Колонка астына көлемі 250мл таза колбаны қояды да, колонкаға ерітіндінің аз мөлшерін, 3-4мл сілті–глицерин қоспасын порциялап қосады (5мл глицерин және 100мл судағы 5г натрий гидроксиді бар ерітіндісі дайындалады). Бұл операцияны мыс колонкадан толық шыққанға дейін қайталайды. Оны визуальді фильтраттың көгілдір түсі арқылы және рубеансутек қышқылымен сапалық реакция арқылы анықтайды. Ол үшін фильтр қағазына рубеансутек қышқыл тамшысын және фильтрат тамшысын енгізеді. Қағаздағы сұр дақ ерітіндіде мыстың бар екендігін көрсетеді. 5% тұз қышқылымен кадмий иондарын колонкадан шайып, K4[Fe(CN)6] ерітіндісімен сапалық анықтайды (ақ тұнба болуы керек). Сорбент регенерациясын колонка арқылы 50мл 5% HCl өткізу арқылы жүргізеді. Қышқылдан сорбентті дистильденген сумен шаяды да, колонкадан өткен дистильденген суды метилоранж көмегімен тексереді. Түсі өзгермеуі керек және стандартқа сай болуы керек (стандарт - 25мл дистильденген суы бар стаканға метилоранждың 3 тамшысын қосады).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет