Ерітіндіні сұйылту техникасы:
Он пробирка алып, әрқайсысына 1мл 1М никель нитраты ерітіндісінен енгізеді. Сонан соң әрбір пробиркаға кестеде көрсетілген су мөлшерін енгізеді.
Пробир
ка №
|
Кеткен ерітінді көлемі, мл
|
Қосылған ерітінді көлемі, мл
|
Сұйылту концентрациясы, М
|
Зона биіктігі, мм
|
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
|
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
|
0
1
2
3
4
5
6
7
8
9
|
|
|
Дайындалған сорбенті бар колонкаларға кестеде көрсетілген ерітіндіден 0,2мл-ден енгізеді. Ерітінді толық сіңіп болған соң, 3 минут өткеннен кейін, никель диметилглиоксиматының алқызыл зонасының биіктігін өлшейді. Градуирлік графикті ордината осі бойынша зона биіктігі (мм), абцисса осі бойынша – никель иондарының концентрациясы (М) координатасында құрады.
Никель иондарын анықтау үшін дайындалған хроматографиялық колонкадағы белгісіз концентрациясы бар ерітіндіден 0,2мл құю керек. 3 минут өткеннен кейін хроматограммадағы зона биіктігін өлшейді. Құрылған калибровкалық (градуирлік) график арқылы және зона биіктігін біле отырып, экстраполяция әдісімен белгісіз ерітіндідегі никель концентрациясын анықтайды. Хроматографиялық колонкаларды оқытушыға көрсетіп, лаборантқа өткізу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |