Концентрацияның әсері. Реакцияға түсетін заттардың концентрацияларын арттырса, тепе-теңдік сол концентрациялардың азаятын жағына, яғни реакция өнімі түзілетін жаққа ығысады (тура реакция жүреді). Керісінше, азайтса, реакция нәтижесінде түзілген өнімнің айрылуы жүреді, кері реакция жүреді. Реакция нәтижесінде түзілген заттар айрылмас үшін оларды ( не біреуін) реакциядан шығарса, тепе-теңдік сол шығарылған заттың орнын толтыратын жаққа қарай ығысады, яғни реакция аяғына дейін жүреді.
Мысал 1: 2СО2 2СО + О2 реакциясы үшін 2000С температурада тепе-теңдіктегі қоспадағы заттардың көлемдік үлестері, % : 85,2 СО2 ; 9,9 СО және
4,9 О2 болса, жүйенің жалпы қысымы 1,013105 Па болса, а. реакцияласатын заттардың парциалды қысымдары арқылы көрсетілген (Кр ) ; б. молярлы концентрациялары арқылы көрсетілген ( Кс) тепе-теңдік константалары нешеге тең? Шешуі: газдың парциалды қысымы жалпы қысымды қоспадағы газдың көлемдік үлесіне көбейткенге тең:
а) р( СО2) = 1,013105 0,852 = 0,863105 Па;
б) р( СО) = 1,013105 0,099 = 0,1105 Па;
в) р(О2) =1,013105 0,049 = 0,050105 Па; Кр = р (СО)2 р (О2)/р(СО2)2 = 67,1Па; Кс = Кр /RT = 67,1/ 8,312273 = 3,6103 моль/л. Кр мен Кс арасындағы байланыс идеал газдар үшін Менделеев – Клапейрон теңдеуі арқылы көрсетіледі: Кр = Кс (RT)n, мұндағы n – реакция нәтижесінде түзілген газ тәріздес заттардың моль саны мен реакцияға түскен газ тәріздес заттардың моль сандарының айырымы,осы реакция үшін ол n=3–2=1 болады.
Мысал 2: Газ тәріздес мына заттар А + 2 В = C әрекеттескенде , тепе-теңдік ол заттардың концентрациялары сәйкесінше мына сандарға тең болғанда 0,06 моль/л, 0,12 моль/л, 0,216 моль/л орнаған болса, реакцияның тепе-теңдік константасын және А мен В заттарының алғашқы концентрацияларын табу керек. Шешуі: К = С/А В2;
К = 0,216/0,06(0,12)2 = 2,5. 1 моль А және 2 моль В заттарынан 1 моль С заты түзіледі. Есеп шарты бойынша жүйенің әр литрінде 0,216 моль С заты түзіледі, сонда 0,216 моль А және 0,2162 = 0,432 моль В заты түзіледі. Олай болса, алғашқы концентрациялар А0 = 0,06 + 0,216 = 0,276 моль/л; В0 = 0,12 + 0,432 = 0,552 моль/л.
Мысал 3: Егер НІ қышқылының белгілі бір температурада диссоциация константасы 6,25102 болса, осы температурада қышқылдың қанша пайызы диссоциацияға түседі? Шешуі: 2НІ Н2 + І2 қышқылдың диссоциациялану реакциясы. Егер қышқылдың алғашқы концентрациясын С,моль/л деп белгілеп тепе-теңдік орнаған кезде қышқылдың әр С мольдерінен х моль диссоциациаланса, онда теңдеуден көрініп тұрғандай 0,5 х моль Н2 және 0,5х моль І2 түзіледі. Олай болса, тепе-теңдік концентрациялар: НІ = (С- х) моль/л; Н2 = I2 = 0,5 x моль/л. Тепе-теңдік константасы К = Н2 I2 / НІ2 ; 6,25 = 0,5х 0,5х /(С - х)2, одан х = 0,333 С . Олай болса, тепе-теңдік орнағанда иодты сутектің алғашқы мөлшерінің 33,3% ыдыраған.
Достарыңызбен бөлісу: |