Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


Дисахаридтер, құрылысы. Физикалық және химиялық қасиеттері



бет386/401
Дата07.02.2022
өлшемі5,02 Mb.
#88596
1   ...   382   383   384   385   386   387   388   389   ...   401
Байланысты:
260f67b3-a150-11e4-8a1d-f6d299da70eeучебно-методические материалы для БТ

Дисахаридтер, құрылысы. Физикалық және химиялық қасиеттері


Дисахаридтер деп гидролизденгенде екі молекула моносахаридтерге ыдырайтын көмірсуларды атайды. Дисахаридтерге сахароза (тағам ретінде қолданылатын қант), мальтоза, лактоза (сүт қанты) және целлюбиоза жатады. Олардың жалпы формуласы С12Н22О11. Табиғатта ең көп тараған дисахарид- сахароза. Осы дисахаридтер гидролизденгенде келесі моносахаридтер түзіледі.
Сахароза +Н2О → глюкоза + фруктоза
Лактоза +Н2О → глюкоза + галактоза
Мальтоза + Н2О → глюкоза + глюкоза
Мальтоза. Бос күйінде табиғатта кездеспейді, крахмал толық гидролизбегенде түзіледі. Мальтоза гидролизденіп екі глюкозаның молекуласын түзеді.





Целлобиоза. Мальтоза тәріздес дисахарид, айрмашылығы тек β-глюкозадан тұрады. Табиғатта клетчатканың құрамында кездеседі, сондықтан клетчатканы гидролиздеу арқылы алады.





Сахароза табиғатта өсімдіктерде өте жиі кездеседі. Ол гидролизденіп, глюкоза мен фруктозаға ыдырайды.



С12Н22О11 + Н2О → С6Н12О6 + С6Н12О6


Сахароза глюкоза фруктоза

Сахароза ақ түсті, дәмі тәтті, суда жақсы еритін кристалды зат. Сахарозада бос жартылай ацетальды гидроксил топтары болмағандықтан, оның тотықсыздандырғыш қасиеті жоқ. Сахароза тотықсыздандырылмайтын дисахаридке жатады.


Сахорозаның химиялық қасиеттері оның құрамындағы функционалдық топтарға байланысты. Сахарозаның құрамында гидроксотоптарының болуына байланысты ол глюкоза сияқты мыс гидроксидімен әрекеттесіп, көк түсті мыс сахаратын түзеді. Ал қышқылдармен әрекеттесіп, күрделі эфирлер түзеді. Сахарозада альдегид тобы болмағандықтан ол күміс (І) оксидімен әрекеттеспейді.


Лактоза (сүт қанты). Тек сүтте ғана кездесетін дисахарид.



Лактозаны сүт сарысуын кристалдау арқылы алады. Лактозаның тәттілігі қанттан 6 есе төмен, суда жақсы еритін, өте нәрлі зат. Лактоза гидролизденгенде глюкоза мен галактозаға ыдырайды.


Лактозаның молекуласындағы альдегид тобын тотықтырып, лактобион қышқылын алуға болады. Қыздырғанда лактоза күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісімен күміс айна реакциясына түседі, ал Фелинг сұйығымен әрекеттескенде реакцияның нәтижесінде мыс (І) оксиді бөлініп шығады. Сондықтан ол тотықсыздандырылатын дисахаридке жатады.


Полисахаридтер деп гидролизденгенде n - молекула моносахаридтерге ыдырайтын жоғары молекулалық көмірсуларды айтады. Полисахаридтердің маңызды өкілдеріне крахмал, гликоген, клетчатка жатады. Жалпы формуласы6Н10О5)n. Полисахаридтер үлкен молекулалы қосылыстар, суда ерімейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   382   383   384   385   386   387   388   389   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет