Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


Тотықтырғыштар - оттекті қышқылдар және олардың тұздары болса



бет63/401
Дата07.02.2022
өлшемі5,02 Mb.
#88596
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   401
Байланысты:
260f67b3-a150-11e4-8a1d-f6d299da70eeучебно-методические материалы для БТ
260f67b3-a150-11e4-8a1d-f6d299da70eeучебно-методические материалы для БТ
2. Тотықтырғыштар - оттекті қышқылдар және олардың тұздары болса:
Тотықтырғыш ретінде көбінесе жоғарғы тотығу дәрежесіне сәйкес не жоғарырақ тотығу дәрежесіне сәйкес элементтер атомдары кіретін қышқылдары мен тұздары болады. Мысалы, KМnO4, K2Сr2O7, K2СrO4, HСlO4, H2SO4, НNO3, сонымен бірге HClО3, HBrО3, HJО3. Азот қышқылы азот оксидтеріне дейін тотықсызданады.
Электрондық кестесін құрып, мына теңдеулерді аяқтау керек:
1. S + HNO3 → H2SO4 + …
2. Р + HNO3 → Н3РO4 + …
3. С + HNO3 → СO2 + …
4. Н2S + HNO3 → H2SO4 + …
5. Ag + HNO3 → AgNO3+ …
6. Au + HNO3 + HCl → H[AuCl4] + …
7. Sn + HNO3 → H2SnO3 + …
8. As2S3 + HNO3 → H2SO4 + H3AsO4 + …
9. KМnO4 + K2SO3 + H2O → K2SO4 + …
10. KМnO4 + HJ + H2SO4 → J2 + …
11. KМnO4 + HCl → Cl2 + …
12. H2S + K2Cr2O7 + H2SO4 → S + …
13. Na2CrO4 + NaJ + H2SO4 → J2 + …
14. HJО3 + HJ → J2 + …
15. KClO3 + MnO2 + KOH → K2MnO4 + …
1.Тотықсыздандырғыштар – жай заттар болса:
Бұл топқа металдар және сутегі, көміртегі жатады. Электрондық кестелерді құрып, теңдеулерді аяқтау керек:
1. AgCl + H2SO4 + Zn → Ag + HCl + …
2. Zn + HNO3 → N2О + …
3. Zn + HNO3 → NH4NO3 + …
4. Al + КNO3 + КОН→ NH3 + …
5. Zn + H2SO4 → H2S + …
6. C + Na2SO4 → Na2S + CO + …
2.Тотықсыздандырғыштар - оттекті қышқылдар және олардың тұздары.
Бұл тотықсыздандырғыштарға төменгі және ортадағы тотығу
дәрежелеріне сәйкес келетін элементер атомдары кіретін қышқылдар ,тұздар
жатады. Электрондық кестелерін құрып, теңдеулері аяқтау керек:
1. SО2 + NаJO3 + Н2О → J2 + …
2. SО2 + H3AsO4 + Н2О → H3AsO3 + …
3. К2SO3 + K2Cr2O7 + H2SO4 → …
4. КNO2 + KClO3 → …
5. Н23 + NO2 → …
3.Тотықсыздандырғыштар – оң зарядты металл иондары және теріс
зарядты элементар иондар.
Электрондық кестелерді құрып, теңдеулерді аяқтау керек:
1. CuCl + K2CrO7 + HCl (сұйық) → CuCl2 + …
2. FeCl2 + KMnO4 + HCl (сұйық) → FeCl3 + …
3. SnCl2 + HCl + HNO3 → NO + H2[SnCl6] + …
4. FeSO4 + O2 + H2SO4 → …
5. HJ + SbCl5 → SbCl3 + …
6. H2SO4 + KJ → H2S + J2 + …
7. KJO3 + KJ + H2SO4 → J2 + …
8. NaH + Н2О → …
Диспропорциалану реакциялары
Мына тотығу-тотықсыздану реакцияларын аяқтау керек:

  1. NO2 + H2O → HNO2 + HNO3

  2. KClO3 → KClO4 + KCl

  3. S + KOH → K2SO3 + …

  4. P + Н2О → H3PO3 + PH3

  5. K2SO3 → K2SO4 + K2S

  6. HNO2 → HNO3 + NO + Н2О

  7. N2H4 → N2 + NH3



Ішкі молекулалық тотығу-тотықсыздану реакциялары
Мына теңдеулерді аяқтап, тотықтырғыштарды, тотықсыздандырғыштарды көрсету керек:

  1. NH4NO3 → N2 + …

  2. (NH4)2 CrO7 → N2 + …

  3. NaNO3 → NaNO2 + …

  4. KClO4 → KCl + …

  5. KMnO4 → K2MnO4 + MnO2 + …

Тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштардың эквиваленттері,
эквивалент массалары және ерітінділерінің нормальдылығы (нормальды концентрациялары)
1.0,971г тотықтырғыш K2CrO4 эквивалентінің қандай үлесі?
Жауабы: 0,015 экв.
2.H2SO4 қатысында 100 мл 0,25н K2CrO4 ерітіндісі неше грамм FeSO4-ті тотықтырады? Жауабы 3,8г FeSO4.
3.Молекулалық массасына сүйеніп, мына тотықтырғыштардың эквивалент массаларын анықтау керек, моль/л: а) KClO3 – 20,42; б) K2Cr2O7 -49,0; в) NaClO – 37,22.
4.1М KNO2 ерітіндісінің нормальдылығы: а) егер тотықсыздандырғыш болса, KNO2 → KNO3 (2н.); б) егер тотықтырғыш болса, KNO2 → NO (1н.).
5.10% KJO3 ерітіндісінің (=1,09) тотықтырғыш ретінде (KJO3→J2) нормальдылығын есептеу керек. Жауабы 2,55н.
6.KJ ерітіндісінен 0,01 моль иод атомын бөліп шығару үшін 0,25н K2Cr2O7-нің күкірт қышқылымен қышқылданған ерітіндісінен қанша миллилитр қосу керек? Жауабы 40мл.
7.KJ-тың қышқыл ерітіндісіне 80мл 0,15н KMnO4 ерітіндісін қосқан, бөлінген иодтың массасын есептеу керек. Жауабы 1,52г.
8.H2SO4 қатысында 30мл 0,09н KMnO4 ерітіндісі неше грамм KNO2-ні тотықтырады? Жауабы 0,115г.


ХИМИЯЛЫҚ ТОҚ КӨЗДЕРІ. ЭЛЕКТРОДТЫҚ ПОТЕНЦИАЛДАР. ТОТЫҒУ-ТОТЫҚСЫЗДАНУ РЕАКЦИЯЛАРЫНЫҢ БАҒЫТЫ.
ГАЛЬВАНИ ЭЛЕМЕНТІ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

Таза суға мырыш пластинкасын батырса, оның беткі қабатындағы кристалдық тор көздерінің түйініндегі оң иондарының біразы полюсті су молекулаларының әсерінен үзіліп ерітіндіге өтеді. Иондар ерітіндіде су молекулаларымен ұстасып гидраттанады. Металдың иондарынан айырылған беткі қабатындағы электрондары бос қалып оны теріс зарядтайды. Міне, осы теріс зарядталған қабат ерітіндідегі оң иондар қабатымен электростатикалық тартылыста болатындықтан, ол иондар қайтадан металл бетіне келіп қонып жатады және бүкіл гидраттанған оң иондар қабаты алысқа кетпей бетке жақын орналасады. Барған сайын металдың беткі қабатының еруі азайып, еріген иондардың қайта келуі молаяды, ақыры жүйедегі металдың еру жылдамдығы мен оның металға қайта келіп қону жылдамдығы теңесіп, тепе-теңдік орнайды.


Металл+су ↔ гидраттанған металл ионы + электрондар
Металл мен ерітіндінің түйіскен жерінде түзілген қабатты қос электр қабаты деп атайды, қабаттар арасындағы зарядтар айрымын металдың электродтық потенциалы дейді. Егер таза суға металдың ерімтал тұздарының бірін қосса, қабаттар арасындағы тепе-теңдік жағдай өзгереді. Ерітіндіде еріген металл иондарының көбеюі оның металл бетіне барып қайта қонуын арттырады. Неғұрлым еріген тұздың концентрациясы молайса, соғұрлым металдың еруі азая береді. Тіпті жоғары концентрлі тұз ерітіндісіне малынған металл ерімей, зарядталған қабат түзілмеуі де мүмкін. Металл активтігі төмен болып, ерітіндідегі иондарының мөлшері жеткілікті болса, керісінше оң иондар ерітіндіден бөлініп металл бетіне барады да, ерітінді теріс, металл оң зарядталады. Мұнда да белгілі бір электродтық потенциал туады. Өз тұздарының ерітіндісіне малынған электродтар активтігіне сай теріс (өте актив металдар), немесе оң (активтігі төмен металдар) зарядталып отырады.
Іс жүзінде суға не электролит ерітіндісіне батырылған кез келген металды электрод деп алуға болады. Электродтық потенциал - металл (электрод) мен сұйық фазаның (су немесе электролит ерітіндісі) түйіскен жерінде туатын электростатикалық потенциал. Е = q1-q2 .
Гальвани элементтерінің қарапайымдарының бірі - мыс-мырыш элементі. Мұндағы өз тұздары ZnSO4 пен CuSO4 ерітіндісіне батырылған мырыш пен мыс гальвани элементінің электродтары. Екі тұздың ерітіндісі өзара кеуек тоспамен бөлініп тұрады.Актив металл мырыш пластинкасының бетінде электрондар қалатындықтан теріс, ал активтігі төмен мыс пластинкасына оң иондар жиналатындықтан оң зарядталады. Егер осы екі пластинканы өз ара сыммен жалғастырса мырыштағы артық электрондар тобы электрондар жетпей тұрған мысқа қарай ағады, нәтижесінде сыртқы тізбекте электр тоғы туады. Мысқа ағылып келген электрондар оның бетіндегі мыс тұзының ерітіндісінен келген Cu2+ иондарын бейтараптап (зарядын жойып) отырады, ал жаңа түзілген бейтарап атомдар мыс электродтың бетіне жинала береді. CuSO4 молекуласынан бөлініп жеке қалған SO4 2- - сульфат иондары кеуек тоспадан өтіп мырыш пластинкадан келген мырыш оң ионы мен (Zn2+) әрекеттесіп ерітіндіде ZnSO4 түзеді. Дәл осылайша Zn2+ -иондары да мыс сульфатының ерітіндісіне қарай өтіп ондағы SO4 2 - - иондарымен қосылып ZnSO4 түзеді. Мырыш пластинкасының еруі өзінен 2 электрон беріп тотығуы, мыс иондарының бейтараптануы өзіне 2 электрон қосып алып тотықсыздануы болып табылады:
Анод: Zn - 2e= Zn2+ Катод: Cu2+ + 2е= Cu0
Элементте жүретін тотығу-тотықсыздану процесі бір мезгілде өтеді, оның жалпы реакция теңдеуі мынадай: Zn+ Cu2+= Zn2+ + Cu
Тотығу процесі жүретін электрод анод, ал тотықсыздану процесі жүретіні – катод деп аталады. Бұл гальвани элементіндегі анод-мырыш, катод-мыс.
Гальвани элементінің негізіне алынған химиялық тізбекті арнайы кестемен белгілейді: (+)Cu| CuSO4|| ZnSO4| Zn (-)
Сонымен, гальвани элементтерін өз тұздарына батырылған кез келген екі металдан жасауға болады.
Мырыш пен темірді өз тұздарына батырғанда екеуі де теріс зарядталады, оған қарамастан электродтарды өз ара қосқанда активтірек мырышқа жиналған электрондар, одан активсіздеу темірмен салыстырғанда молырақ болғандықтан мырыштан темірге қарай электрондар ағылып электр тогын тудырады. Бұл элементте жүретін реакция теңдеуі мынадай: Zn+Fe2+ = Fe+ Zn2+.
Неғұрлым электрод ретінде алынған металдардың химиялық активтіктерінде айырым алшақ болса, соғұрлым гальвани элементтерінде өтетін тотығу-тотықсыздану реакция қуаттырақ болып, мол электр тоғы алынады.
Барлық металдардың иондарының ерітіндідегі концентрациясын бірдей етіп алып, потенциалдарының мөлшерін анықтау олардың активтігін өз ара салыстыруға мүмкіндік береді. Әдетте, әрбір жеке электродтың абсолюттік потенциалын өлшеу тым қиын, сондықтан іс жүзінде электродтардың салыстырмалы потенциалын тауып пайдаланады. Ол үшін бір металдың потенциалы екінші бір белгілі металдың (электродтың) потенциалынан қаншалықты артық немесе қаншалықты кем екендігін анықтайды. Потенциалдарды салыстыруға арналған стандартты электрод ретінде қалыпты сутек электродын алады. Ол сутек иондарының концентрациясы 1000 мл суда 1 моль болып келген күкірт қышқылының ерітіндісіне батырылған, беті ұсақ платина түйіршіктерімен кеуектеу етіп қапталған платина пластинкадан тұрады. Осы ерітіндіден 250С-та 1 атм қысыммен таза газ күйіндегі сутекті үзбей жіберіліп тұрады. Ол кеуек бетке сіңіріліп бүкіл электрод сутектен жасалғандай болады. Электродтағы сутектен оң иондар ерітіндіге өтеді: Н2-2е = 2Н+. Сонда электрод пен ерітінді арасында туатын сутек электродының потенциалын шартты түрде келісіп нольге тең деп алған.
Кез келген металдың салыстырмалы потенциалын табу үшін бірі стандартты сутекті электродтан, екіншісі сол металдың өзінен жасалған гальваникалық элемент құру қажет. Және ол металдың өз тұзындағы иондарының концентрациясы 1 моль/л болуы шарт. Осында анықталатын салыстырмалы потенциал металдың қалыпты (стандартты) электродтық потенциалы болып аталады.
Стандартты сутек электроды мен 1 л судағы Zn2+ иондары концентрациясы 1моль/л болып келген ZnSO4 ерітіндісіндегі мырыш электродының потенциалдарының айырымы - 0,76 в. Бұл мырыш металының қалыпты электродтық потенциалы, оны былайша суреттейді:Е0 Zn/Zn2+ = - 0,76в. Мұндағы гальвани тізбегінің иондық кестесі мынадай:
(+) Н2|2H+||Zn2+|Zn (-). Металдарды, сутекті қоса, электродтар потенциалдарының алгебралық шамасының артуына сай орналастырса,
Н.Н. Бекетов тапқан кернеу қатарына сай келетін химиялық активтігі бірінен бірі кеми орналасқан стандартты электродтық потенциалдар қатары шығады. Одан металдың стандартты электродтық потенциалының алгебралық мөлшері неғұрлым кіші болса, соғұрлым химиялық активтігі жоғары болатындығы көрінеді. Металдардың стандартты электродтық потенциалы белгілі болса кез келген екі металдан тұратын гальвани элементінің электр қозғаушы күшін (э.қ.к.) есептеп шығаруға болады. Ол үшін алгебралық шамасы үлкен потенциалдан шамасы кіші потенциалды алу керек. Мысалы, мыс –мырыш гальваникалық элементтің э.қ.к-ін есептеу үшін мыстың стандартты электродтық потенциалынан (E0 Cu/Cu2+ =+0,34) мырыштың стандартты электродтық потенциалын алады. Сонда
Э.Қ.К. = E0 Cu/Cu2+ 0 Zn/Zn2+ =(+0,34) – (- 0,76)=+1,10 в
Гальвани элементін құрайтын металдардың стандартты электродтық потенциалдары бірінен-бірі алгебралық шамасы бойынша алшақ болған сайын оның э.қ.к. көбірек болады. Егер металдың өз тұзының ерітіндісіндегі концентрациясы 1 моль/л мөлшерінен артық, не кем болса, оның потенциалы стандартты электродтық потенциалынан өзгеше болады. Бұл жағдайда электродтық потенциалды Нернст формула бойынша есептейді:
Е= E0 +RT/nF ln[Oх]/[Red]; E= E0 +0,058/n lgС,
Мұндағы n-электрон саны, С-металдың ерітіндідегі концентрациясы (моль/л),
R – универсал газ тұрақтысы, Ғ – Фарадей тұрақтысы, Т- Кельвин температурасы.
Сонда, мырыш тұзының 0,001М ерітіндісіне батырылған кездегі потенциалы:
Е = - 0,76+0,058/2lg10-3 = - 0,85 в.
Бұдан электролит ерітіндісіндегі металл ионы концентрациясының кемуі оның электродтық потенциалының алгебралық шамасының азайатындығын көрсетеді, керісінше концентрациясының артуы потенциал шамасын ұлғайтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет