Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


ГРАВИМЕТРИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША СӨЖ ОРЫНДАУ



бет147/401
Дата07.02.2022
өлшемі5,02 Mb.
#88596
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   401
Байланысты:
260f67b3-a150-11e4-8a1d-f6d299da70eeучебно-методические материалы для БТ

ГРАВИМЕТРИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША СӨЖ ОРЫНДАУ
№ 1 билет

  1. Аналитикалық таразыда өлшеудің принциптері және қателіктер.

  2. Гравиметриялық әдістің түрлері және мәні.

  3. Сандық анализдің мәні, ғылымда, техникада, тамақ өндірісіндегі ролі.

  4. Массасы 0,4г СаСl2-ден СаО күйінде кальцийді анықтау үшін 0,05 н (NH4)2C2O4 ерітіндісінің қандай көлемі қажет?

  5. Қыздырғаннан кейінгі массасы 0,1500 г темір (III) оксидін алу үшін анализге Мор тұзының (NH4)2Fe(SO4)2  6H2O қандай нақты мөлшері қажет?

№ 2 билет

  1. Тұнбаға түсіруші реагентті таңдау. Тұндырылған формаға қойылатын шарттар.

  2. Аморфты және кристалдық тұнбалардың түзілу жағдайы.

  3. Аналитикалық таразының құрылысы. Таразыны пайдалану ережесі.

  4. Егер гравиметриялық формасының (СаО) массасы 0,3500 г тең болса, кальцийді СаО күйінде анықтау үшін СаСl2--нің қандай нақты мөлшері қажет?

  5. Массасы 0,4500г AgCl алу үшін NaCl-дың қандай нақты мөлшері қажет?

№ 3 билет

  1. Тұнбаға түсіру реакцияларына негізделген гравиметриялық әдістердің мәні. Қандай операцияларға бұл әдіс негізделген?

  2. Таразының «ноль нүктесі» деген не? Оны не үшін анықтайды. Таразының сезімталдығы және бөлік бағасы.

  3. Аморфты және кристалды тұнбаларды сүзуге пайдаланатын фильтрлер.

  4. Массасы 0,2334г болатын, қыздырылған СаО алу үшін анализге қажетті кальций фосфатының нақты мөлшері қанша болуы тиіс.

  5. Массасы 0,2334г BaSO4 алу үшін Na2SO4 бар сынамадан анализге неше грамм алу қажет?

№ 4 билет

  1. Бірге (ілесе) тұнбаға түсудің түрлері.

  2. Органикалық тұнбаға түсіруші реагенттердің артықшылықтары, гравиметрияда қолданылуы.

  3. Гравиметриялық қателер және оны азайту жолдары.

  4. Темірдің массасы 0,9500 г Мор тұзынан темір (III) оксиді күйінде анықтау үшін массалық үлесі 2,5% (p = 0,908г/мл) NH4OH ерітіндісінің қандай көлемі қажет?

  5. Массасы 0,0585 г натрий хлоридінен хлорид-иондарын толық тұнбаға түсіру үшін қажет 0,05н AgNO3 ерітіндісінің көлемі.

№ 5 билет



  1. Гравиметриядағы тұндыру және айдау тәсілдері.

  2. Зерттеуге алынатын заттың нақты мөлшерін қалай таңдайды?

  3. 8-оксихинолиннің гравиметрияда қолданылуы.

  4. Құрамында 1,1200 г BaCl2 2H2O бар ерітіндіден барийді барий сульфаты күйінде тұнбаға түсіру үшін ρ = 1,025 г/мл, 14% күкірт қышқылының қандай көлемі қажет?

  5. Құрамында 92% СаСО3 бар массасы 9,8000г ізбесті еріту үшін тығыздығы 1,05г/см3 (10,52 %) тұз қышқылының қандай көлемі қажет?

№ 6 билет

  1. Тұнбаға түсіруші реагенттерге, тұнбаны жуатын сұйыққа, тұндырылған және гравиметриялық формаларға қойылатын талаптар.

  2. Тұндырылған және гравиметриялық форма деген не? Оларға қойылатын талаптар.

  3. Тұнбаны жуудың мақсаты. Тұнбаны декантациямен жуу, оның тұнбаны фильтрде жуудан ерекшелегі.

  4. Массасы 1,2160г құйманың құрамындағы магнийдің массалық үлесі (%) нешеге тең болғаны, егер анықталған гравиметриялық формасының Mg2P2O7 массасы 0,2226 г тең болса? (М(Mg2P2O7)= 222,58; А(Mg) = 24,32г/моль )

  5. Ерітіндіден массасы 0,2052г Mg2P2O7 алынған, оның құрамында неше грамм P2O5 болғаны. МP2O5 =141,95г/моль.

№ 7 билет



  1. Тұнбаға түсіруші реагентті таңдау, оның мөлшерін есептеп табу. Тұнбаға түсіруші реагентті неге артық алады?

  2. Аттас иондардың ерігіштікке әсері. Әр түрлі зарядталған иондардың ерігіштікке әсері.

  3. Гравиметриялық фактор деген не? Ол нені сипаттайды? Қалай колданылады?

  4. Кальцийді ерітіндіден анықтау кезінде массасы 0,5600г СаО алынған. Анализдеуге массалық үлесі 2,5% СаСl2 ерітіндісінің қандай көлемі алынған (ρ = 1,0 г/см3 тең деп алу қажет)?

  5. Анализдеуге массасы 4,5000 г сынама алынған, тұндырып, қыздырған соң, массасы 0,3030 г PbSO4 алынған. Сынаманың құрамында Pb(CH3COO)2 массалық үлесі (%) нешеге тең болғаны?

№ 8 билет



  1. Күйдіру, қыздыру, тұнбаны тұрақты массаға келтіру деген не?

  2. Гравиметриялық әдісте өлшеуді қандай дәлдікпен орындау қажет? Қосылыстардың молекулалық массаларын қандай дәлдікпен алу қажет?

  3. Аналитикалық таразының құрылысы. Таразыны пайдалану ережесі.

  4. Көмірдің құрамында 2,98 % күкірт анықталған, ал оның нақты массалық үлесі 3,05 % тең. Салыстырмалы қателік нешеге тең болғаны?

5. Массасы 0,9000 г AgCl алу үшін NaCl қандай нақты мөлшері қажет?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет