V – pH және V – E
V – ΔpH/ΔV және V- ΔE/ΔV
13.Әр қисық бойынша эквивалент нүктесін анықтаңыз. Әдеттегі титрлеу қисығында (бірінші кесте бойынша) екі сыну пайда болады, ал дифференциалды қисықта (екінші кесте бойынша) екі максимум болады.
14.Анализ нәтижелерін есептеу екі эквивалент нүктесі бойынша жеке жүргізіледі, фосфор қышқылының С1 және С2 мәнін келесі формулалар бойынша есептейді:
V1, сілтіСсілті = V1,қышқылСқышқыл
С2 = (V2-V1)сілті Ссілті/Vқышқыл
мұндағы,
V1, сілті- бірінші максимумға сәйкес келетін натрий гидроксидінің көлемі, см3;
V2, сілті- екінші максимумға сәйкес келетін натрий гидроксидінің көлемі, см3;
С1,қышқыл; С2,қышқыл - зерттелетін ерітінді концентрациясы, мольдм-3;
Ссілті - натрий гидроксидінің концентрациясы, мольдм-3.
Сқышқыл орташа = (C1+C2)/2
Қорытынды. Зерттелетін ерітіндінің концентрациясын белгілейді.
Достарыңызбен бөлісу: |