Ж = 0,05∙V1∙K∙1000/V2 = 50∙V1∙K/V2
мұнда, V1 – титрлеуге кеткен комплексон III ерітіндісінің көлемі, см3; К – С = 0,05моль/дм3 комплексона III ерітіндісі үшін түзету коэффициенті; V2 – зерттеуге алынған су көлемі, см3.
ӘЛСІЗ ЖӘНЕ КҮШТІ ҚЫШҚЫЛ ҚОСПАСЫН
КОНДУКТОМЕТРИЯЛЫҚ ТИТРЛЕУ
Көлемі 150мл стаканға 5-10мл (оқытушы тапсырмасы бойынша) 0,1М HСl және 0,1M CH3COOH қоспасын алып, дистильденген сумен 50 мл-ге дейін сұйылтады. Дайындалған ерітіндіге электродтарды батырып, стандартты 0,1М сілті ерітіндісімен титрлейді. Титранттың әрбір порциясын қосқаннан кейін ерітіндінің электрөткізгіштігін өлшейді. Өлшеулер нәтижесін кестеге жазады:
VKOH,мл
|
электрөткізгіштік
|
|
|
Алынған нәтижелер бойынша титрлеу қисығын χ – VКОН координатасына салып, қисықтағы екі сыну нүктесі бойынша эквиваленттік нүктелерді табады. Бірінші нүкте күшті қышқылға жұмсалған сілті көлеміне, ал екінші нүкте - әлсіз қышқылға жұмсалған сілті көлеміне сәйкес. Есептеулер мына формула бойынша жүргізіледі: ; .
Достарыңызбен бөлісу: |