Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


МЫСТЫ АМПЕРОМЕТРИЯЛЫҚ ТИТРЛЕУ



бет211/401
Дата07.02.2022
өлшемі5,02 Mb.
#88596
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   401
Байланысты:
260f67b3-a150-11e4-8a1d-f6d299da70eeучебно-методические материалы для БТ

МЫСТЫ АМПЕРОМЕТРИЯЛЫҚ ТИТРЛЕУ

Мыс (ІІ) анықтау оның иодид- ионымен тотықсыздануына және мыс мөлшеріне эквивалентті мөлшерде бөлінген иодты (I2) тиосульфат ерітіндісімен титрлеуге негізделген.


2Cu2+ + 4I- = ↓Cu2I2 + I2
I2 + 2S2O32- = 2I-+ S4O62-

Бұл әдіс арқылы мыстың өте аз мөлшерін (10-3 мг) анықтауға болады. Реостатқа +0,53 В потенциал мәнін қойып (ол мыстың (ІІ) тотықсыздануы жүретін шекті диффузиондық тоққа сәйкес потенциал), платина және хлоркүміс электродтарын ерітіндіге салады. Платина электродында йод тотықсызданады.


Аппаратура, химиялық ыдыстар, реактивтер:
1. 0,05М тиосульфат ерітіндісі
2. құрғақ калий иодидінің тұзы
3. 0,1н күкірт қышқылының ерітіндісі
4. анализденетін мыс(ІІ) сульфатының ≈ 10-3М ерітіндісі
5. амперометриялық құрылғы
6. платина электродтары
Жұмысты орындау
Амперометриялық құралда барлық бөліктері дұрыс қосылып тұрғанын тексереді.
Титрлеу стаканына 10мл мыс (ІІ) ерітіндісін құйып, 25мл күкірт қышқылын қосады, электродтарды салып, тізбекті қосады. Сол кезде катодта мыстың тотығуы жүреді. Гальванометр стрелкасы бір жаққа қарай бұрылады.
0,3-0,5 г калий иодидін салып, магнит араластырғышты қосады. Бұл кезде диффузиялық тоқ бірден азайып, гальванометр нольді көрсетеді. Бұл жағдай мыс ионының толық иодидпен Cu2I2 қосылысын бергенін көрсетеді. Бұдан соң бос йодтың бөлінуі байқалады, тоқ күші өсе бастайды, тоқ күші максимумға келгенде ерітіндіде йод толық бөлініп бітеді. Тағы да 2-5 минут реакция аяқталғанын тосып, титрлеуді бастайды.
Тиосульфат ерітіндісінен 1мл қосып отырып, ерітіндіні араластырып отырып, тоқ күшін жазып отырады. Титрлеу соңында тоқ күші өзгеріссіз қалады. Титрант көлемі – тоқ тәуелділігі қисығынан эквивалент нүктені анықтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет