Аспаптар және реактивтер
1. рН – метр.
2. Шыны электроды.
3. Этиленгликоль – изопропил спиртінен тұратын аралас еріткіштегі 0,5н НСl ерітіндісі.
4. Еріткіш: этиленгликоль – изопропил спирті (1:5).
Жұмыс барысы
Титрлеуге арналған стаканға, анализденетін органикалық негіз (С6Н5)3N немесе С6Н5NН2 ерітіндісінен тамшуырмен 10-15мл алып, үстіне 10 мл еріткіш құйып, шыны электроды және салыстырмалы электродтарды батырады (оларды алдын ала дистильденген сумен жуып, фильтр қағазымен кептіреді) және магнитті араластырғышта араластыра отырып, өлшеуге кіріседі.
Алдымен титрант қосылмаған анализденетін ерітіндінің потенциалын өлшейді. Сосын 0,5н тұз қышқылы ерітіндісін 0,2мл-ден қоса отырып титрлеу жүргізеді, рН – метр көрсеткішін жазады. Титранттың әрбір порциясын қосқаннан кейін рН – метр көрсеткіштерін жазып отырады.
Титрлеу нәтижелерін кесте түрінде өңдейді.
Алынған нәтижелер бойынша V - pH и V - ∆pH/∆V координаталарында титрлеу қисығын тұрғызады. Сол қисық бойынша шыны электроды потенциалының секірмесіне сәйкес эквивалент нүктені анықтайды. Титрлеу қисығы мынадай болуы керек:
pH
V
Органикалық негіз мөлшерін мына формула бойынша анықтайды:
P = 5∙V∙N∙Э/1000
мұнда, V – титрлеуге кеткен қышқыл көлемі.
N – НСl ерітіндісінің нормальдігі.
Э – анализденетін негіздің эквиваленттік массасы.
Достарыңызбен бөлісу: |