Үстіде темір-қоңыр, ортада мыс-көгілдір, астыда кобальт-қызғылт.
Перманганат және хромат иондарын анықтау. Колонкаға 3 тамшы калий перманганаты және хромат ерітіндісінің қоспасын қосады, хроматограмманы сумен шаяды. Үстіде хромат-сары, астыда перманганат-қызғылт түс түзеді.
Роданид, сульфид, ферроцианид иондарын анықтау. Колонкаға 2 тамшы роданид, сульфид, ферроцианид ерітінділерінің қоспасын, 3 тамшы су және 3 тамшы 2н темір(III) тұзының ерітіндісін қосады, үш зона түзіліді: үстіде-көк (ферроцианид), кейін –қоңыр (роданид), астыда-қара(сульфид).