Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


Дәріс 34. ҚАНЫҚПАҒАН КӨМІРСУТЕКТЕР (АЛКЕНДЕР)



бет262/401
Дата07.02.2022
өлшемі5,02 Mb.
#88596
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   401
Байланысты:
260f67b3-a150-11e4-8a1d-f6d299da70eeучебно-методические материалы для БТ

Дәріс 34. ҚАНЫҚПАҒАН КӨМІРСУТЕКТЕР (АЛКЕНДЕР)
Этиленді көмірсутектердің гомологтық қатары. Жалпы формуласы. Изомериясы. Номенклатурасы

Этилен көмірсутектері (алкендер не олефиндер) - бір қос байланысы бар, яғни қатар тұрған көміртек атомдары арасында екі валенттілік болатын заттар, олардың жалпы формуласы СnH2n, алғашқы көмірсутек этилен С2Н4, СН2=СН2.


Құрылымдық изомерия С4Н8 (бутеннен) басталады, бірақ алкандарға қарағанда көбірек болады, қос байланыс орнына қарай, сонымен бірге алкендерде кеңістіктік (геометриялық), цис-транс-изомерия да бар.









бутен – 1

бутен - 2

2-метилпропен

Цис-изомерде бірдей атомдар не атомдар тобы қос байланыс бар көміртектердің бір жағында, транс-изомерде - әр жағында болады:





цис-2-бутен транс-2-бутен


Цис-транс - изомерлердің болуы екі көміртек атомдары арасындағы -байланыс осі бойынша атомдар тобының айналуына π- байланыс мүмкіндік бермейтіндігінен. Тек жоғары температурада π- байланыс энергиясы азайғанда бір геометриялық изомер екіншісіне өте алады.
Олефиндер атауында алкандардағы -ан жұрнағы -ен жұрнағына ауысады. Цифрмен қос байланыс орны көрсетіледі, негізгі тізбек ретінде қос байланыс тұрған тізбек алынады, көміртегі атомдарын нөмірлеу қос байланысқа жақын атомнан басталады:



3-метилбутен-1

Кейде СН2 = СН - (эмпириялық аты) – винил деп, СН2 = СН – СН2 – аллил деп, СН2 = С(СН3) – изопропенил деп аталады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет