Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Изомерия түрлері, мысалдар.
2. Алу тәсілдері.
3. Структуралық формуласын жазу керек: транс-2,3-диметилгексен-4, цис-2,3- дихлоро-2-бутен.
4. Егер 3,6г су алкенге қосылып 12г спирт түзілсе, алкен формуласы қандай болады?
5. 18,4г этил спиртінен неше литр (қ.ж.) этилен түзіледі?
6. 9,2г этил спиртінен алынған этиленді тотықтыруға 40%- ті KMnO4 ерітіндісі жұмсалаған, тотықтырғыш массасы есептеу керек . Жауабы: 52,5г.
№ 3 Зертханалық сабақтың тақырыбы
Көмірсутектерді (алкендерді) алу және химиялық қасиеттері
Жұмыстың мақсаты: Алкендерді зертханалық тәсілмен алуды игеру және олардың химиялық қасиеттерін зерттеу. Метанның қасиеттерімен салыстыру.
Реактивтер мен жабықтар: этил спирті (С2Н5ОН), күкірт қышқылы (Н2SO4 концентрлі), калий перманганатының (КМnO4) ерітіндісі, штатив, пробиркалар, газ жүретін түтікшелі тығын, пемза үгінділері, спирт шамы.
Жұмыс барысы: Пробиркаға 0,5мл этил спиртін құйындар және оған абайлап 2мл концентрлі күкірт қышқылын қосындар. Үстіне қыздырған кезде қоспа біркелкі қайнау үшін пемза түйірлерін салыңдар. Пробирканы баяу және ептілікпен қыздырындар.
Қыздырғанда пробиркадағы қоспа қарая бастайды, одан этилен газы бөлінеді.
Түтіктен шығып жатқан этиленді екінші пробиркадағы 1мл калий перманганатының ерітіндісіне жіберіңдер. Не байқалады?
Бөлініп жатқан этиленді су астында жинап алып немесе газ түтігінің ұшында жағыңдар. Жалынның түсін байқандар. Қыздыруды тоқтатып, құралды суытыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |