5-тәжірибе. Ацетонның қасиетін зерттеу. Йодоформ алу реакциясы
Жұмыс барысы: реакцияға ацетонның әлсіз ерітіндісін қолданады (0,5%).Пробиркаға калий иодидіндегі йод ерітіндісінің (Люголь ерітіндісі) 1 тамшысына түссізденгенше NaOH құяды, сосын бірнеше тамшы ацетон ерітіндісін қосады. Йодоформның ашық-сары тұнбасы түзіледі және оған тән иіс сезіледі. Йодоформды алу реакциясы барлық кетондарға тән бе?
6-тәжірибе. Ацетонның еріткіштік қасиеті
Жұмыс барысы: Пробиркаға 5-6 тамшы ацетон құйып, оған кинопленканың кішкене бөлігін салады. Шыны таяқшамен араластырып, пленканың еріуін бақылау керек. Кинопленканың екі бөлігін ацетонмен ылғалдап, бір-бірімен жапсыру керек. Ацетонның еріткіштік қасиеті туралы түйін жасау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |