Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмыстарды қорғауға арналған сұрақтар:
1. Мына өзгерісті қалай жүзеге асыруға болады?
RCHO R - COOH
2. Альдегид тобын қандай реактивтермен анықтауға болады?
3. Альдегидтің Сu2+ ионымен тотығу реакциясын жазу керек.
4. Уротропиннің қолданылуы.
Альдегидтер мен кетондар тақырыбы бойынша
есептер мен жаттығулар
1. Изомерия және номенклатура
1.1. Мына альдегидтердің формуласын жазу керек: а) гексаналь; б) 2-метилгексаналь; в) 2,3-диметилпентаналь; г) 3,3-диметилбутаналь.
1.2. Мына кетондардың формуласын жазу керек: а) 4-гептанон; б) 2,4-диметил-3-пентанон; в) 2-метил-3-гексанон.
1.3. С6Н12О кетондарының формуласын (6 изомер) жазып, аттарын атау қажет.
1.4. Қанықпаған альдегидтер мен кетондар а) С4Н6О; б) С5Н8О формулаларын жазып, халықаралық жүйелік номенклатура бойынша атаңдар. Кротон альдегиді мен метилакрил альдегидін көрсету керек.
1.5. Келесі қанықпаған альдегидтер мен кетондардың формулаларын жазу керек: а) пропеналь; б) 1,5-гексадиен-3-он; в) 2,7-диметил-2,6-октадиеналь. Бұл қосылыстардың тривиальды аттары цитраль; акролеин; винилаллилкетон. Қай атау қай қосылысқа сәйкес келеді?
1.6. Негізгі тізбекте төрт көміртегі атомы болатындай етіп, мына қосылыстан С6Н12О альдегидтердің структуралық формулаларын жазып, аттарын атау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |