Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


Дәріс 40. КАРБОН ҚЫШҚЫЛДАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТУЫНДЫЛАРЫ



бет318/401
Дата07.02.2022
өлшемі5,02 Mb.
#88596
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   401
Байланысты:
260f67b3-a150-11e4-8a1d-f6d299da70eeучебно-методические материалы для БТ
260f67b3-a150-11e4-8a1d-f6d299da70eeучебно-методические материалы для БТ
    Бұл бет үшін навигация:
  • -СООН
Дәріс 40. КАРБОН ҚЫШҚЫЛДАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТУЫНДЫЛАРЫ


Қаныққан карбон қышқылдарының жіктелуі. Атауы

Карбон қышқылдырының молекуласында көміртек радикалымен байланысқан бір немесе бірнеше карбоксил тобы -СООН болады. Жалпы формуласы СnH2nO2 не CnH2n+1COOH. Карбон қышқылдары қаныққан, қанықпаған және ароматты болып бөлінеді.


Құрамындағы карбоксил тобының санына байланысты бір негізді, екі негізді, көп негізді болып бөлінеді.
Бір негізді карбон қышқылдарының молекуласында бір карбоксил тобы бар. Мысалы: СН3СООН, СН3 – СН2 – СООН.
Қаныққан бір негізді карбон қышқылдарын жүйелік номенклатура бойынша атау үшін, қаныққан көмірсутектердің атына «қышқыл» деген сөзді қосады.Мысалы: Н-СООН - метан қышқылы; СН3-СООН - этан қышқылы.
Қаныққан бір негізді карбон қышқылдарының изомериясы көміртегі тізбегінің құрылысына байланысты, изомері көміртегі атомдар саны 4-тен жоғары басталады. C3H7COOH – екі изомері; C4H9COOH – төрт изомері болады. HCOOH – құмырсқа (метан) қышқылы; СН3-СООН - сірке (этан) қышқылы; С2Н5-СООН - пропион (пропан) қышқылы; С3Н7-СООН - май (бутан) қышқылы; СН3- СН(СН3) – СООН - изомай (2-метилпропан) қышқылы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет