Қанықпаған бір негізді қышқылдар. Алу.
Физикалық және химиялық қасиеттері
Қанықпаған бір негізді этилен қатарының қышқылдарының жалпы формуласы CnH2n-1COOH.
СН2 = СН-СООН – пропен (акрил) қышқылы
СН2 = СН-СН2 - СООН – винилсірке (3-бутен) қышқылы
СН3 - СН=СН-СООН – кротон(2-бутен) қышқылы
СН2=С(СН3)–СООН - метаакрил(-метилакрил, метилпропен) қышқылы
СН3 – (СН2)7- СН=СН – (СН2)7СООН олеин қышқылы
Қанықпаған қышқылдарды алудың 2 жалпы әдістері бар:
1. Еселі байланысы бар алғашқы затқа карбоксил тобын енгізеді
2. Қаныққан қышқылдарды қанықпаған қышқылдарға айналдыру
СН2Сl-СН2 СООН + 2КОН KCl + СН2 = СН-СООК + H2O
Қанықпаған бір негізді қышқылдар қаныққан бір негізді қышқылдардан айырмашылығы: тығыздықтарының және диссоциация константаларының жоғарылығында. Қанықпаған қышқылдар да тұздар, ангидридтер, галогенангидридтер, амидтер, күрделі эфирлер түзеді. Сонымен бірге еселік байланыс бойынша қосылу, тотығу, полимерлену реакцияларына да түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |