Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар



бет35/401
Дата07.02.2022
өлшемі5,02 Mb.
#88596
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   401
Байланысты:
260f67b3-a150-11e4-8a1d-f6d299da70eeучебно-методические материалы для БТ

Молярлы концентрация(См)не молярлылық( М) – еріген заттың мөлшерінің ерітінді көлеміне қатынасы , моль/л
Моляльды концентрация не моляльдылық ( m ) – еріген заттың мөлшерінің еріткіш массасына қатынасы , моль / кг ( Н2 О)
Эквиваленттің молярлы концентрациясы н ( нормальдылық)
еріген заттың эквивалентінің санының ерітінде көлеміне қатынасы, моль/л.
Мысал 1. 250 г суда 50 г темір (ІІ) сульфатының кристаллогидратын
FeSO47H2O еріткен. Ерітіндідегі кристаллогидрат пен сусыз темір (ІІ) сульфатының массалық үлесін есептеу керек.
Шешуі: Алынған ерітіндінің массасы 300 г. Кристаллогидраттың массалық үлесі 300 г ерітінді ----------- 100%
50 г кристаллогидрат --- х%; х = 16,7%.
50 г кристаллогидраттағы сусыз тұздың массасы
278 г/моль ----- 152 г/моль
50 г ------------- х х = 27,4 г
сусыз тұз массасы. 300г ерітіндідегі сусыз тұздың массалық үлесі сонда:
С = 27,4 100/300 = 9,1%.
Мысал 2. 8% ( масс.) сусыз тұздың бір литр ерітіндісін дайындау үшін қанша су және мыс(ІІ) купоросын алу қажеттігін есептеу керек , ерітінді тығыздығы 1,084 г /л.
Шешуі: 1 литр ерітіндінің массасы 1,084  1000 = 1084 г. Осы ерітіндіде 8% сусыз тұздың массасы 1084  0,08 = 86,7 г. CuSO4 5 H2 O 86,7 г сусыз тұзы бар массасын пропорциядан анықтайды: 249,7 : 159,6 = х : 86,7. Одан, х = 135,6 г. Ерітінді дайындау үшін қажет су массасы 1084 –135,6 = 948,4 г.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет