Байланысты: 260f67b3-a150-11e4-8a1d-f6d299da70eeучебно-методические материалы для БТ
3. Бензол қатарының көмірсутектерін алу әдістері 3.1.Бензол қатарының көмірсутектерін каталитикалық дегидрлеу арқылы а) циклогександы; б) циклогексенді; в) 1,4-диметилциклогександы алу керек. Алынған заттарды атау керек.
3.2. Метилацетиленді полимерлегенде қандай зат алынады?
3.3. Вюрца-Фиттиг әдісін пайдаланып мына ароматты көмірсутектерді алу керек: а) этилбензолды; б) изопропилбензолды; в) 2-метил-2-фенилбутанды. Әр жағдайда қандай қосымша өнімдер түзіледі? Реакция теңдеулерін жазу керек.
3.4. Фридель-Крафтс әдісі арқылы бензолды алкилдеу арқылы мына көмірсутектерді алу керек: а) пропилбензолды; б) вторбутилбензолды; в) изобутилбензолды. Реакциялардың жүру жағдайларын көрсету керек.
3.5. Каталитикалық дегидрлеу арқылы а) изопропилбензолды;
б) этилбензолды; изопропилбензолды (сутегінің бір молекуласын алып) жүретін реакциялар теңдеулерін жазу керек, алынған заттардың аттарын атау керек.
3.6. 1т гексахлоран (гексахлорбензол) алу үшін қанша циклогексан және хлор (массалары бойынша) алу керек? Гексахлоранның структуралық формуласын жазып, ондағы хлордың пайызды мөлшерін көрсету керек.
3.7. Полистиролдың макромолекуласын алу реакциясының теңдеуін жазу керек.
3.8. Стиролдың бутадиенмен сополимерлену реакциясының теңдеуін жазу керек. Алынған қосылыстың негізгі қолданылу саласы.
3.9. Дивинилстирол каучугін алу үшін қандай қатынаста (масса бойынша) дивинил мен стиролды алу керек?
3.10. Полистирол деген не? Оның қандай қасиеттері бар және қай жерде қолданылады?
3.11.Тығыздығы 0,88г/мл 22,17мл бензолдан бромбензол алынғанда бөлінген газды 4,48л изобутиленмен әрекеттестірген. Қандай заттар түзіледі және олардың массалары қанша болады, егер бромбензол шығымы теориялықпен салыстырғанда 80% болса, изобутиленмен реакция 100% жүрсе.