«Химия» пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары



Дата26.04.2023
өлшемі104,84 Kb.
#175477
Байланысты:
тжб 10 Б

«Химия» пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары





  1. Периодтық кестенің үшінші периодында орналасқан элементтер Na басталып Ar аяқталады. (а) Үшінші период бойынша элементтердің тотығу дәрежесі қалай өзгеретіндігін

түсіндіріңіз және магний мен күкірт элементтеріне мысал келтіріңіз.

[2]

(b) Үшінші периодтың алғашқы үш элементі Na, Mg және Al металдық қасиет көрсетеді. Неліктен осы элементтер металдық қасиет көрсететіндігін түсіндіріңіз.

[2]

(с) Магний оксиді негіздік оксид және ол неліктен екідайлы (амфотерлі) оксид бола алмайтындығын түсіндіріңіз.

[1]




  1. Үшінші период бойынша элементтер солдан оңға қарай металдық қасиеттен бейметалдық қасиетке өзгереді.

Натрий, алюминий және күкірт элементтері оттегімен әрекеттескендегі реакция теңдеуін және оксидтің қай түрі түзілетіндігін жазыңыз.

[3]




  1. Тадж Махал Үндістандағы атақты ғимарат. Оның сыртқы қабырғасы мәрмәр тастан қаланған. Жыл өткен сайын атмосфераның құрамындағы күкірт диоксиді әсерінен оның сыртындағы мәрмәр тас бірте-бірте өзгеріске ұшырайды.

Күкірт диоксидінің әсерінен ғимараттың сыртқы келбетінің өзгеру себептерін сипаттаңыз.


[2]




  1. Зертханалық бөлмеде тұз салынған үш құты бар. Біреуінде нартий хлориді, екінші құтыға калий хлориді, ал үшіншісіне кальций хлориді салынған. Мұғалім оқушыларға қай құтыда қандай тұз тұрғанын анықтаңдар деп тапсырма берді.


Оқушылар құтыларға дұрыс атаулары бойынша жапсырманы қою керек. Олар тұздардың жалын түсі арқылы анықтайтын тәжирибе жасап төмендегі кестені толтыруы керек.





Құты

Жалын түсі

Жалын түсіне сәйкес тұз
катиондарын жазыңыздар

А

Күлгін




В

Қызыл




С

Сары




[3]



  1. Берілген тұздардың арасынан уақытша кермектілік түзетін тұзды анықтаңыз. А) МgSO4

    1. MgCl2

    2. Mg(HCO3)2

    3. KHCO3

[1]



  1. Төменде берілген тізбекті реакцияны жазып Х затын анықтаңыз.

𝐶𝑂2

  1. Ca Ca(OH)2 →→ X CaCO3

1)
2)
3)
[3]



  1. Массасы 29,6 г әк суына көмірқышқыл газының артық мөлшерін қосқанда түзілген өнімнің массасын есептеңіз.

[2]




  1. Зертханалық кабинетте жабыстырмасы жоқ металл тұзы салынған төрт химиялық стакан бар. Оның біреуінде мыс тұзы, ал екінші стаканда мырыш тұзы, үшінші стаканда темір (ІІ) тұзы және төртінші стаканда темір (ІІІ) тұзы салынған. Бұл тұздарды анықтау үшін натрий гидроксидінің сулы ерітіндісін қолданады.


(а) Төмендегі кестеге төрт металл тұзы мен натрий гидроксидін қосқанда түзілетін өнімнің түсі мен металл ионын жазыңыз.


Белгісіз тұздар

Алынған тұнбаның
түстері

Тұздағы металл
ионы

A

ақ




B




Темір (ІІ) ионы

C

қоңыр




D




Мыс ионы

[4]



  1. Темір шеге тоттану үшін суды қажет етеді.

(а) Темір шеге тоттану үшін тағы қандай зат әсер ету мүмкін. Бір мысал келтіріңіз.

[1]
(b) Темір шегенің тоттануы оның массасына қалай әсер етуі мүмкін?


[1]
(с) Металдарды коррозиядан қорғаудың бір әдісін ұсыныңыз.


[1]




  1. Массасы 20 г мыс пен темір қоспасынан тұратын пластинаны тұз қышқылының артық мөлшерінде әрекеттестіргенде қ.ж. 5,6 л сутек газы бөлінді. Қоспаның құрамындағы мыстың массасын анықтаңыз.

[4]



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет