Химия пәнінен қызықты тәжірибелер


Өрт туындаған жағдайда ескеретін ережелер



бет11/53
Дата05.10.2023
өлшемі41,84 Mb.
#183866
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   53
Байланысты:
ХИМИЯ ПӘНІНЕН ҚЫЗЫҚТЫ ТӘЖІРИБЕЛЕР
Шығарма «Мұғалім қалай киіну керек», Эссе Қоғамға қалай қызмет ете аламын, ҚМЖ Химиялық байланыстың түрлері, Жұмаева Гүлназ БӨЖ №3 «Сакральды Қазақстан» бағдарламасы (wecompress.com), Еңбек іс-әрекетінің мотивациясы., Ағеділова Органикалық химия, Мектеп химия экспериментің жүргізу әдістемесі, Коллоидтық химия негіздері, 1 сабақ. зат молшері моль, Презентация Жаңа педагогикалық технологиялар
2.10. Өрт туындаған жағдайда ескеретін ережелер

Заттардың жануы жағдайында өрт туындағанда келесі іс-шаралар қабылданады:



    1. Газды қыздырғыштарды, электрлі қыздырғыш құралдарды және желдеткішті істен ажырату керек.

    2. Бөлмеден өрт қаупіндегі заттарға ие барлық ыдыстарды және сығымдалған газдары бар баллондарды шығарып тастау керек.

    3. Осы жағдай үшін барынша нәтижелі өрт сөндіру құралдарын пайдалану керек.

    4. Өрт туындауы кезінде хабарлағыш немесе сымтетік арқылы өрт күзетін шақыру, зертхана мен күзет жетекшілеріне хабарлау және өрт сөндірудің сәйкес құралдарын қолдану керек.

Өртті келесі құралдармен сөндіру:

    1. Сумен араласқан сұйықтықтардың жануы кезінде - кез келген өрт сөндіргішті, су ағынын, құмды, асбесттік немесе шұға жамылғыны (киізді) пайдалану қажет.

    2. Сумен араласпаған сұйықтықтардың жануы кезінде - көмірқышқылды ұнтақты өрт сөндіргіштерді, құмды, жабындарды пайдалану қажет. Суды пайдалануға жол берілмейді.

    3. Фосфор жанғанда ылғалды құмды, өрт сөндіргішті, суды көлемді мөлшерде пайдалану қажет. Сары фосфор күшінің өрт сөндірудің ең жақсы құралы - мыс купуросының 2-3%-дық ерітіндісі.

    4. Ыстық металды калий немесе натрий жанғанда – ұнтақты өрт сөндіргішпен, құрғақ құммен, жапқыштарды, құрғақ қайнатылған тұзды, хлорлы кальцийді пайдаланады. Суды пайдалануға жол берілмейді.

    5. Ыстық құбырлар немесе кернеу жағдайындағы электрлік құралдар жанғанда көмірқышқылды өрт сөндіргіштермен сөндіру қажет.

    6. Жанғыш ағаш бөліктері жанғанда барлық өрт сөндіргіш құралдарды пайдалану қажет.



2.11. Химиялық реактивтерді топтау және
сақтау талаптары

Зертханалық жұмыстарға қажетті реактивтер арнайы шкафтарда сақталады. Тазалығы жағынан реактивтер: химиялық таза (х.т.), талдау үшін таза (т.ү.т.), таза (т) деп бөлінеді. Осыдан басқа реактивтер: спектральды таза (сп.т), ерекше таза (е.т), тазартылған (т) және техникалық (техн) болып бөлінеді. Реактивтерді пайдаланғанда олардың қасиеттерін білген жөн (оталғыштығы, улылығы, қопарылыс беретін қоспалар түзуі). Ерітінділерді және құрғақ тұздарды шыны ыдыстарда сақтайды, ол ыдыстарды шыны, резина немесе ағаш тығынмен жабады.


Химиялық реактивтерді қауіптілік дәрежесіне және адам денсаулығы әсеріне байланысты ерекше топтарға бөледі. Әр топтың реактивтеріне оларды химия кабинетінде сақтаудың сан алуан талаптары көрсетілген. Жарылғыш, өздігінен тұтанатын, өте улы заттар мен олардың қоспаларын химия кабинетінде сақтауға тыйым салынады!
Барлық химиялық реактивтер арнайы белгіленген сыртында жазуы бар қаптамада немесе тығыз жабылған ыдыстарда сақталады. Сыртындағы жазуда заттың атауы, формуласы, тазалық дәрежесі, реактивті сақтау тобы болуы керек (төменде кестеде көрсетілген).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет