Химия пәнінен қызықты тәжірибелер


Тартпа шкаф астында жұмыс істегенде есте сақтайтын ережелер



бет10/53
Дата05.10.2023
өлшемі41,84 Mb.
#183866
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   53
Байланысты:
ХИМИЯ ПӘНІНЕН ҚЫЗЫҚТЫ ТӘЖІРИБЕЛЕР
Шығарма «Мұғалім қалай киіну керек», Эссе Қоғамға қалай қызмет ете аламын, ҚМЖ Химиялық байланыстың түрлері, Жұмаева Гүлназ БӨЖ №3 «Сакральды Қазақстан» бағдарламасы (wecompress.com), Еңбек іс-әрекетінің мотивациясы., Ағеділова Органикалық химия, Мектеп химия экспериментің жүргізу әдістемесі, Коллоидтық химия негіздері, 1 сабақ. зат молшері моль, Презентация Жаңа педагогикалық технологиялар
2.7. Тартпа шкаф астында жұмыс істегенде есте сақтайтын ережелер

Зиянды және жанғыш улы заттар мен газдар бөлінуімен қатар жүретін жұмыстарды жүргізуге арналған құрал - тартпалы шкаф. Ол жоғарғы және төменгі сорғыштармен (сорғыштарды іске қосу қолданылатын зат буының тығыздығына байланысты реттестіріледі), сұйықтықтың еденге ағуының алдын алатын бортиктермен жабдықталады.



1. Улы затпен жұмыс істегенде тәжірибе тартпа шкафтың астында жүргізіледі.
2. Тартпалы шкафтар жақтауларын жұмыс кезінде жабық түрінде ұстау қажет, оларды ашуға құралдар мен құрылғылардың қызмет ету уақытында ғана рұқсат етіледі.
3. Жұмыс басталарда тартпа шкафты іске қосыңдар.
4. Тәжірибені жасап болған соң тартпа шкафты істен алуды ұмытпау керек.


2.8. Электрлік құрал-жабдықтармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары



  1. Ток кернеуінен табылатын электрлік жабдықтармен жұмыс жасау кезінде жеке қорғаныс құралдарын (диэлектрлік резеңкелі қолғап, галош, боти, кілемше, аулақтатушы қойылымдар және басқалар) қолданып жұмысты аулақтатылған тұтқалары бар аспаптармен жүргізу қажет.

  2. Тоққа қосылған құралдарды тасымалдауға және оларды жөндеуге жол берілмейді.

  3. Көзді электрлік доға әсерінен қорғау үшін сары, жасыл түсті шынысы бар көзілдірік тағу қажет.

  4. Розеткаларға, ажыратқыштар мен электр сымдарына әр алуан заттарды ілуге, сымдарды арқанмен немесе сыммен бекітуге рұқсат етілмейді.

  5. Сымдарды аулақтатудағы ақаулар, розеткаларды, вилкалар мен басқа да арматураларды жерге қосу мен қоршаулардың бұзылуы байқалған жағдайда бұл жөнінде зертхана бастығына хабарлау қажет.

  6. Сымдар немесе электрлік аспаптардың жануы жағдайында оларды тоқтатып өртті көмірқышқылды өртсөндіргіш көмегімен және асбесттен жасалған жамылғымен сөндіру қажет.



2.9. Газ жанарғысымен жұмыс істеудегі қауіпсіздік ережелері

1. Газ жанарғысын жағу үшін жанған шырпыны жанарғының тесігіне апарып, шүмегін жайлап ашындар.


2. Газ жанғанда жалынның шалқуы байқалса, шүмекті тез жабыңдар, газ жанарғысы салқындаған соң ауа реттегішті жауып, жанарғыны қайта жағындар.
3. Жұмыс аяқталған соң газ шүмегінің жабылғанын тексеруді ұмытпаңдар.
4. Бөлмеде газ иісі сезілсе, сіріңке жағуға болмайды. Газдың иісі шыққандығы туралы мұғалімге хабарлау керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет