Химия пәнінен қызықты тәжірибелер



бет18/53
Дата05.10.2023
өлшемі41,84 Mb.
#183866
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   53
Байланысты:
ХИМИЯ ПӘНІНЕН ҚЫЗЫҚТЫ ТӘЖІРИБЕЛЕР

Су үстіндегі өрт


Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар:



Тәжірибе барысы:
1808 жылы ағылшын химигі Гэмфри Дэви металдық магнийді алғашқы болып алды. (Ол уақытта бұл металдың қасиеттері туралы ешнәрсе белгісіз еді.) Магний бөлшектері кездейсоқ жана бастаған кезде Дэви оны сумен өшірмек болды. Нәтижесінде от ұшқыны бетін шарпып кетті.
Т әжірибені қауіпсіз етіп жасайық. Алдыңызға шыны әйнектен түссіз экран орналастырып қойыңыз және қоңыр түсті көзілдірік киіңіз (магний ақ түсті жалынмен жанады). Экранның артына су құйылған стақанды қоямыз. Металл қасықтың үстінде аздаған магний ұнтағын (2-3 грамдай) жағып, жанып тұрған магнийді жылдам судың үстіне саламыз (қасықтың ұстайтын жері ұзын болуы керек).
Магний су бетіне түскеннен кейін жануын тоқтатпайды. Нәтижесінде сутегі бөлініп, магний суда ашық түсті жалынмен жанады. Ал, айналасындағы су лайлана бастайды.
Бұл тәжірибені былай да жасауға да болады. Фарфор кесеге 2-3г магний ұнтағын жағамыз, сосын ұзын тамшуырдың көмегімен кесеге 5-10мл су құямыз. Сол кезде бірден көз қаратпайтын ұшқын ұшады.
Магний – химиялық белсенді металл. Жанып тұрған магний суды ыдыратып, бөлінген сутегі ауада тұтанады, ал суда магний гидроксиді түзіледі.
Mg + 2Н2О = Mg(OH)2 + Н2­↑
Жанып жатқан магнийді сумен де, құммен де өшіре алмайсыз. Құм да су сияқты жанып тұрған магниймен реакцияға түсіп, магний оксиді мен аморфты кремний түзіледі:
SiO2 + 2Mg = Si + 2MgO.
Тек асбестті кілемшелер, асбестті жамылғылар арқылы жалынды өшіруге болады.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет