Химия пәнінен қызықты тәжірибелер



бет17/53
Дата05.10.2023
өлшемі41,84 Mb.
#183866
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   53
Байланысты:
ХИМИЯ ПӘНІНЕН ҚЫЗЫҚТЫ ТӘЖІРИБЕЛЕР
Шығарма «Мұғалім қалай киіну керек», Эссе Қоғамға қалай қызмет ете аламын, ҚМЖ Химиялық байланыстың түрлері, Жұмаева Гүлназ БӨЖ №3 «Сакральды Қазақстан» бағдарламасы (wecompress.com), Еңбек іс-әрекетінің мотивациясы., Ағеділова Органикалық химия, Мектеп химия экспериментің жүргізу әдістемесі, Коллоидтық химия негіздері, 1 сабақ. зат молшері моль, Презентация Жаңа педагогикалық технологиялар
Назар аударыңыз! Йод – улы зат. Ол бүйрек және жүрек-қан тамырлары жүйесіне зиян келтіреді. Йод буымен демалғанда бас ауыру, жөтел, пайда болады. Көздің шырышты қабатына түссе көзден жас ағып, аурып және қызаруы мүмкін.


«Бөтелкедегі жын»
Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар:

  • мыс ұнтағы

  • азот қышқылы

  • сынауық



Тәжірибе барысы:
Б ұл тәжірибені тартпа шкафты пайдалана отырып жүргізу керек. Тәжірибе концентрлі азот қышқылының ерекше қасиеттеріне негізделген. Көптеген қышқылдарға қарағанда концентрлі азот қышқылы (платина мен алтынды есептемегенде) металдардың белсенділік қатарындағы сутектен кейін орналасқан металдармен химиялық реакцияға түсуге қабілетті.
Сынауыққа концентрлі азот қышқылын құйып, оның үстіне мыс ұнтағын (мыс сым) саламыз. Сол кезде реакция жүріп, «қоңыр жынның» буын көреміз.
Бұл тәжірибені химия кабинетінен тыс жерде жасауға болмайды. Себебі, қауіпсіздік ережелері бойынша бөлінген азот оксидінің буы (қоңыр газ) өте қауіпті болып табылады.
Тәжірибенің реакция теңдеуі мынадай:
Cu + 4HNO3 = Cu(NO3)2 + 2NO2↑ + 2H2O


«Йод – крахмалды анықтау индикаторы»


Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар:

  • тамшуыр

  • стақан

  • картоп, алма, банан, нан

  • крахмал ерітіндісі

  • йод ерітіндісі



Тәжірибе барысы:
Картопты екі бөлікке бөлеміз және оған йод ерітіндісін тамызамыз – картоп көгереді. Сосын дайын стақандағы крахмал ерітіндісіне бірнеше тамшы йод ерітіндісін тамызамыз. Бұл сұйықтық көгереді.



Йодтың судағы ерітіндісін тамшуырдың көмегімен алмаға, бананға, нанға біртіндеп тамызамыз.


Бақылаймыз: алма – мүлдем көгермейді, банан – аздап көгереді, нан күшті көгереді. Бұл крахмалдың әр түрлі өнімде қаншалықты мөлшерде болатынын білдіреді.
Міне, сондықтан йод крахмалды анықтау индикаторы немесе анализаторы болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет