Химия пәнінен қызықты тәжірибелер



бет20/53
Дата05.10.2023
өлшемі41,84 Mb.
#183866
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   53
Байланысты:
ХИМИЯ ПӘНІНЕН ҚЫЗЫҚТЫ ТӘЖІРИБЕЛЕР

Фараон жыландары
І-нұсқа. Сынап роданидінің Hg(CNS)2 ыдырауы


Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар:

  • сынауық

  • сынап нитраты

  • аммоний немесе калий тиоцианаты

  • сүзгі қағазы

  • эксикатор

  • асбест торы

  • сіріңке

  • су

Тәжірибе барысы:
Судың шамалы көлеміне 6,5г сынап нитратын Нg(NO3)2 ерітіңіз, оған кішкене өлшемде құрамында 3г NH4NCS немесе 4г KNCS болатын ерітіндіні қосыңыз. Нәтижесінде сынап роданидінің ақ тұнбасы пайда болады:
Нg(NO3)2 + 2NH4NCS = Нg(NCS)2 + 2NH4NO3
Нg(NCS)2 тұнбасын фильтрлеп және оны жеңіл кептіреді. Әлі де ылғал тұздан шамамен 1см мөлшерде сомдама (брикет) жасайды. Содан кейін сынап тиоцианатын толығымен жылы жерде немесе эксикаторда кептіреді. Алынған сомдаманы Нg(NCS)2 отқа төзімді жерге орналастырыңыз және тұтатыңыз (жағыңыз). Сынап тиоцианаты жаққаннан кейін қара түсті сынап (ІІ) сульфидін, көлемді сары түсті көміртек нитридін С3N4 және көміртек дисульфидін СS2 түзе отырып тез ыдырай бастайды. Көміртек дисульфиді ауада тұтанады және жанады, нәтижесінде көмірқышқыл газы мен күкірт диоксиді түзіледі:
2Нg(NCS)2 = 2HgS + C3N4 + CS2
CS2 + 3O2 = CO2 + 2SO2
Көміртек нитриді түзілген газдармен ісініп, қара сынап сульфидін қосып алады да, сары-қара түсті кеуекті масса пайда болады.










Нәтижесінде сынап роданидінің бөлігінен қара-сары түсті үлкен жылан шыға бастайды. Мұндай түс біздің «жыланымызды» шынайы етіп көрсетеді. «Жылан» шығатын көкшіл жалын – бұл жанып жатқан көміртек дисульфидінің жалыны.
Ұсынылған реактивтер мөлшері 20-30см ұзындықтағы «жыланды» алу үшін жеткілікті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет