Химия пәнінен қызықты тәжірибелер


Демонстрациялық эксперимент



бет4/53
Дата05.10.2023
өлшемі41,84 Mb.
#183866
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Байланысты:
ХИМИЯ ПӘНІНЕН ҚЫЗЫҚТЫ ТӘЖІРИБЕЛЕР
Шығарма «Мұғалім қалай киіну керек», Эссе Қоғамға қалай қызмет ете аламын, ҚМЖ Химиялық байланыстың түрлері, Жұмаева Гүлназ БӨЖ №3 «Сакральды Қазақстан» бағдарламасы (wecompress.com), Еңбек іс-әрекетінің мотивациясы., Ағеділова Органикалық химия, Мектеп химия экспериментің жүргізу әдістемесі, Коллоидтық химия негіздері, 1 сабақ. зат молшері моль, Презентация Жаңа педагогикалық технологиялар
Демонстрациялық эксперимент – бұл оқытушы жүргізетін (кей жағдайда ғана білім алушылар дайындаған) химиялық эксперимент. Оның негізгі мақсаты – химиялық құбылыстың мәнін ашу; білім алушыларға зертханалық құрал-жабдықтарды көрсету; экспериментальдық жұмыс тәсілдерін және химиялық зертханадағы қауіпсіздік ережелерін таныстыру.
Зертханалық тәжірибелер – бұл білім алушылардың тікелей оқытушының жетекшілігімен орындалатын эксперимент. Зертханалық тәжірибелер химиялық нысанның жекелеген бөліктерін оқуға көмектеседі.
Зертханалық жұмыстар зертханалық тәжірибелердің жиынтығын көрсетеді және химиялық нысандар мен үдерістердің көптеген жақтарын білуге мүмкіндік береді. Ол 5-10 минуттан 40-45 минутқа дейінгі (зертханалық сабақ) уақытты алуы мүмкін. Зертханалық сабақтарда білім алушылар негізінен тапсырма немесе кітап бойынша емес, оқытушының айтуы бойынша жұмыс жасайды.
Практикалық жұмыстар білім алушының экспериментальдық оқу іс-әрекетінің бір түрі болып табылады. Практикалық жұмыстар білім алушылардың өте үлкен дәрежедегі өзіндік қабілеті мен олардың білім мен білігін жетілдіруге әсер етуімен ерекшеленеді.
Экспериментальды (зертханалық) практикум – негізінен жоғары сыныптарда жүргізілетін білім алушылардың өзіндік жұмыс түрі. Экспериментальды практикум курстың үлкен бөлімін аяқтау кезінде ұйымдастырылады және қайталау-жалпылау сипатына ие.
Үй жағдайындағы эксперимент – бұл білім алушылардың үй жағдайында орындайтын тәжірибелері және ол білім алушылардың танымдық қызығушылығы мен қажеттілігін қанағаттандыруға және олардың шығармашылық іс-әрекетінде тәжірибені дамытуға әсер етеді. Білім беру тәжірибесіне деген кәсіби дайындық мақсатында оқытушылар химиялық эксперимент әдістемесі мен техникасын меңгеруі керек.
Химиялық эксперименттің атқаратын қызметтері:

  • Ақпараттық – жаңа білімді меңгеру.

  • Эвристикалық – қорытындыны тұжырымдау және заңдылықтарды табу.

  • Сыни (критериалды) – эксперимент барысында расталатын болжам жасау.

  • Түзетушілік (коррекциялық) – толық емес теориялық білімді түзету.

  • Зерттеушілік – жаңа дәлелдер.

  • Жалпылау – нысана мен үдеріске қатынасы бойынша өз ой-пікіріңді қалыптастыру.

  • Дүниетанымдық – айнала қоршаған ортаға объективті көзқарасыңды білдіру.

Химия курсын оқу кезінде өте қызықты тәжірибелер кездеседі, бірақ ол білім алушының денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін. Химия кабинетіндегі қауіпті тәжірибелерге мыналарды жатқызуға болады:
Күйік қауіпі бар эксперименттер (қышқыл мен сілті әсерінен болатын химиялық күйіктер, спиртшамды немесе электр қыздырғыш құралдарды дұрыс қолданбаудан болатын термиялық күйіктер).
Жарылыс қаупі бар эксперименттер – газдар қоспалары жануына және жеңіл тұтанатын заттардың жануына негізделген.
Өрт қаупі бар эксперименттер – жеңіл тұтанатын заттардың ойламаған жерден жарқ етіп тұтануына негізделген.
Соңғы жылдары зертханалық жұмыстарды жүргізуде білім алушылардың әр түрлі иістерге аллергиялық реакциясы, реагенттердің жеткіліксіздігі, улы заттармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік және де пәнді оқытуда сағат санының азаюы сияқты мәселелер туындап отыр. Бұл мәселені шешуде толығымен орнын баспаса да, химиялық эксперименттерді «виртуальды» сипатта жүргізу оны өзара толықтырады деп айтуға болады. Бірақ химияны сезіну үшін тірідей қолмен ұстап, көзбен көргенге ештеңе жетпейді.
Эксперименттерді пайдалана отырып химияны оқытудың тиімділігі тұрақты кері байланыстың барлығына тәуелді. Экспериментальды білік пен дағды есебі – бұл тек білім алушының ғана емес, сонымен бірге оқытушы жұмысының да қорытындысы.
Сонымен қорыта айтқанда, химиялық эксперимент тек зерттеу әдісі, жаңа білім көзі мен құралы ғана емес, сонымен қатар өзіндік оқу нысаны болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет