Химия пәнінен қызықты тәжірибелер


Сақтандыру белгілеріне ерекше көңіл бөл!



бет12/53
Дата05.10.2023
өлшемі41,84 Mb.
#183866
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   53
Байланысты:
ХИМИЯ ПӘНІНЕН ҚЫЗЫҚТЫ ТӘЖІРИБЕЛЕР

Сақтандыру белгілеріне ерекше көңіл бөл!

От қауіпті зат

Улы зат

Радиоактивті зат

Тітіркендіргіш зат

Күйдіргіш зат

Қопарылғыш зат

Реактивтерді қолдану ережелері

  • Тәжірибе үшін реактивті мүмкіндігінше аз алу керек.

  • Артық алынған реактивті ыдысына салуға немесе құюға болмайды.

  • Реактивті алғаннан кейін ыдысты тығынмен жауып орнына қояды.

  • Құрғақ реактивтерді темір немесе фарфор қасықшамен алу керек.

  • Егер реактивті тамшуырмен алса, оны жуу керек.

  • Улы және оталғыш заттармен аса сақтықпен жұмыс істеу керек.

Ерітінділердің сыртында сонымен бірге концентрациясы және шыққан мерзімі көрсетіледі. Бұдан басқа сыртында заттың қандай қауіпті класқа жататынын көрсететін арнайы белгі-символдар жабыстырылады: от қауіпті, күйдіргіш, улы, қопарылғыш, радиоактивті.


Реактивтерді топтау және сақтау



р/с

Атауы

Типтік тізбегі заттар

Сақтау шарты

11

Жарылғыш заттар

Типтік тізбеде көрсетілген

Мектепке ен-гізуге тыйым салынған

22

Суға тисе атылғыш заттар

Li, Na, Ca, CaC2

Құлыптаулы шкафта

33

Өздігінен тұтанатын заттар

Типтік тізбеде көрсетілген




44

Оңай атылғыш сұйықтықтар

Диэтил эфир, ацетон, бензол, этилді спирт, толуол, циклогексан

Металды жәшікте

55

Оталғыш қатты заттар

S, Р т.б.

Құлыптаулы шкафта бөлек сақталады

66

Физиологиялық аса секемшіл заттар

Br2, J2, BaO, CuO, PbO, Ba, Na, BuСІ2

Сейфте, металды жәшікте

Реактивтерді қатаң түрде нұсқаулық бойынша ластанудан сақтап, үнемді пайдалану керек. Жарықта түсін өзгертетін заттарды қараңғы жерде сақтау керек.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет