Химия пәнінен қызықты тәжірибелер



бет2/53
Дата05.10.2023
өлшемі41,84 Mb.
#183866
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Байланысты:
ХИМИЯ ПӘНІНЕН ҚЫЗЫҚТЫ ТӘЖІРИБЕЛЕР

ISBN 978-601-275-448-3


Ә.С. Тапалова, Л.Р. Асылова 2017
Кіріспе
Біз таңғажайып керемет уақытта өмір сүріп жатырмыз. Біздің көз алдымызда адамдардың ғасырлар бойы армандаған арман-тілектері орындалып жатыр. Бүгінде ең фантастикалық жобаларды және қиял-ғажайыптарды химия ғылымынсыз іске асыру мүмкін емес. Химия ғылымын ұлы сиқыршы, ғажайыпты жасаушы деп атауға болады. Ол графитті жалтыраған алмазға оңай айналдыра алады, қағазға металдық беріктік береді, ол тамақтандырады, киіндіреді, емдейді, жуады, космосқа көтерілуге және мұхит түбіне дейін түсуге мүмкіндік береді. Оның табиғаттағы, жаңа материалдарды және энергия көздерін жасаудағы, сонымен қатар тұрмыстағы рөлі өте зор. Химиялық білім қоршаған орта мен химиялық үдерістер мәнін терең ұғыну үшін қажет.
Химия - өте қызықты ғылым және жалпы білім беру ғылымдарының ішіндегі өте күрделісі. Тіпті мектепте химияны базалық деңгейде меңгеру оңай емес. Қазіргі кезде білім алушылар химияны оқудың маңыздылығы мен химиялық білімнің қажеттігін жете түсінбейді. Әр жыл сайын химияны оқуға деген қызығушылық төмендеп бара жатыр. Сондықтан да әрбір педагогтің міндеті - әрбір білім алушының танымдық іс-әрекетін қалыптастыру мен дамытуды қамтамасыз ететін белсенділік әрекетін, химияға деген қызығушылығын арттыру. Өйткені, білім алушының білім сапасы көбінесе оқу пәніне деген қызығушылығына байланысты. Сонымен, білім алушылар пәнді жақсы көру үшін не істеу керек? Химияны оқуға деген қызығушылығын қалай арттыруға болады?
Химия - тәжірибеге бағдарланған пәндердің бірі. Сондықтан да химия сабақтарында біз көптеген заттарды кездестіреміз, оларды араластырамыз, қыздырамыз және тотықтырамыз, т.с.с. Яғни, берілген тапсырмаға сай химиялық реакция жүруі үшін бәрін жасаймыз. Ал, бұл мақсатта сұйықтықтарды, газдарды, ұнтақтарды және т.б. күйдегі әр түрлі заттарды қолданамыз. Нәтижесі айтпаса да белгілі. Заттардың негізгі химиялық қасиеттерін біле отырып, реакция нәтижесінде не болатынын болжауға болады.
Бірақ тірі табиғатта заттар таза күйінде жиі кездесе бермейді, ал химиялық үдерістер үнемі жүріп отырады. Бұл нәтижелерге болжам жасауда бірқатар қиындықтарды тудырады. Сондықтан да біз алдымен химиялық тәжірибені орындаймыз, сосын барып неге солай болғанын ойлайтын боламыз.
Химиялық эксперимент білімді нақтылауда теория мен тәжірибе арасындағы байланысты жүзеге асырудың маңызды әдісі болып табылады. Шынайы көрсетілген тәжірибенің көмегімен білім алушының дүниетанымын кеңейтуге, әр түрлі тәжірибелік дағдыларды алуға болады. Ең соңғысы, біз жай ғана «қызықсыз» ережелер мен заңдарды түсініп есте сақтай аламыз. Эксперимент – бұл білім алушыларды химия ғылымына қызықтыруға мүмкіндік беретін, теориялық білімді тәжірибеде қолдану қабілетін дамытушы химиялық заттар және олардың айналулары туралы білім көзі.
Химиялық эксперимент химиялық білімді меңгертуде жетістікке жетудің қажетті жағдайы ғана емес, сонымен бірге ол химиялық өндіріс технологиясын түсінуге көмектеседі, жасөспірімдердің пәнге деген қызығушылығын қалыптастырады, бақылаушылық, өз бетінше жұмыс жасау және зерттеушілік қабілеттерінің дамуына, теориялық білімін пайдалана отырып, бақылаған құбылысын түсіндіре білу, себеп-салдар байланысын орната білу білігінің дамуына әсер етеді. Сондай-ақ химиялық эксперимент тұлғаның жалпы тәрбиесіне және жан-жақты дамуына септігін тигізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет