Химия пәнінен қызықты тәжірибелер



бет14/53
Дата05.10.2023
өлшемі41,84 Mb.
#183866
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   53
Байланысты:
ХИМИЯ ПӘНІНЕН ҚЫЗЫҚТЫ ТӘЖІРИБЕЛЕР

Дәрінің атауы

Пайдалану себебі

Пайдаланатын мөлшері

1

Белсендірілген көмір карболен

улы затпен уланғанда

10 ас қасық суға езілген 4-5 түйірін ішкізу

2

Нашатыр спирт. 10%-тік ерт.

естен танғанда

Мұрынға апарып иіскетеді.

3

Альбуцид (Na24) 30%-қ

көзге әсер еткенде

Көзді жуғаннан кейін 2-3мл тамызады.

4

Этил спирті (С2Н5ОН)

тері күйгенде

30-50мл күйген жерді өңдейді.

5

NaHCO3 2%-дық ерітіндісі

қышқыл теріні за-қымдағанда

200-250мл қышқыл тиген жерді тазартады.

6

Йодтың 3%-дық ерітіндісі

залалсыздандыруға

Жарақатты сүртіп тазартады.

7

КМnО4-ның 2%-дық ерт.

жарақатқа

Жарақатты сүртіп залалсыздандырады.

8

Бор қышқылы. 2%-дық ерт.

денеге сіл-ті тигенде

Сілті тамған жерді тазартады.

9

Тамшуыр

көз ауырғанда

3 дана

10

Мақта, бинт

орауға

1 дана

11

Таңғыш

таңуға

1 дана

12

Лейкопластырь

таңғышты жабыс-руға

1 дана

13

40-50см резинка түтігі (жгут)

қан тоқтатуға

1 дана

14

Өлшеуіш стақан

дәрі ішуге

1 дана

15

Вазелин

күйген жерге

1 дана

ІІІ. ЗЕРТХАНАЛЫҚ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАРМЕН ТАНЫСУ


Химиялық ыдыстар және оларды
пайдалана білу

Зертханада эксперимент жүргізу үшін сан алуан химиялық ыдыстар кеңінен қолданылады. Химиялық ыдыстар мен жұмысқа қойылатын негізгі талаптар ұқыптылық, сақтық, тазалықты сақтау болып табылады. Ал, шыны ыдыстарға қойылатын негізгі талап - химиялық және термиялық тұрақтылық.


Х имиялық мықтылық - бұл сілтілер, қышқылдар және басқа заттардың әрекетіне төтеп беретін шынының қасиеті. Термиялық тұрақтылық - бұл ыдыстың температураның күрт толқуына төтеп беру қабілеті. Ең жақсы шыны болып пирекс саналады, ол термиялық және химиялық тұрақты, созылудың аз коэффициентіне ие. Пирексті шынының құрамында 80% кремний (IV) оксиді болады. Өте жоғары температурадағы тәжірибелер жасау үшін кварцты ыдысты қолданады. Кварцты шынының құрамында 99,95% кремний (IV) оксиді болады, ал кәдімгі зертханалық шыныда ол 70% болады.
Сынауық - реактивтердің аз мөлшерімен тәжірибе жасау үшін қолданылады. Сынауықтағы реактивтің мөлшері сынауықтың жарты көлемінен аспау керек.
Зертханалық стақандар - әртүрлі көлемді, имегі бар және имегі жоқ болып шығарылады. Стақандар әр түрлі зертханалық жұмыс жасау үшін қолданылады.
Құты - әр түрлі көлемді және пішінді (жайтабанды, дөңгелек табанды, дөңес) болып шығарылады; зертханалық тәжірибеде әр түрлі мақсатта кеңінен қолданылады.
Реторта - әр түрлі препараттық жұмыстар үшін қолданылады (НNО3 - алу үшін және т.б.).
Вюрц құтысы - дөңгелек табанды құты, 60-800С бұрышында газ тартқыш түтікшесі болады. Оны газ алу үшін, атмосфералық қысымда сұйықты айдау үшін қолданады.
Құйғы - химиялық құйғылар сұйықтарды құю және сүзу үшін қолданылады. Тамызғыш құйғыштар реакциялық ортаға сұйық реактивтерді біртіндеп қосу үшін қолданылады. Бөлектегіш құйғылар араласпайтын сұйықтарды бөлу үшін қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет