Химия пәнінен қызықты тәжірибелер


Тәжірибелерді қалай жасау керек?



бет5/53
Дата05.10.2023
өлшемі41,84 Mb.
#183866
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Байланысты:
ХИМИЯ ПӘНІНЕН ҚЫЗЫҚТЫ ТӘЖІРИБЕЛЕР

Тәжірибелерді қалай жасау керек?


Химиялық тәжірибелер кез-келгенімізге бір уақытқа сиқыршы болуға және керемет шоу жасап достармыздың көңілдерін көтеруге мүмкіндік береді. Біздің көрінісімізде акробаттар мен гимнасттар, қояндар немесе карта фокустары болмайды – тек химиялық ғажайыптар болады. Сіздердің осы жерден табатын, сипатталып отырған қарапайым және тиімді тәжірибелер қандай-да бір ерекше химиялық дағдыны қажет етпейді, тек абай болуды, назар аударуды және ұқыптылықты талап етеді. Үш қарапайым ережені сақтау күтпеген жағымсыз жағдайлардан алшақ болуға көмектеседі:



  • Бірінші: үйде, зертханада белгісіз таныс емес заттармен тәжірибе жүргізуге болмайды (сонымен қатар, өзіңе жақсы таныс химикаттардың өте үлкен мөлшері епсіз қолда қауіпті болуы мүмкін).




  • Екінші: кез-келген тәжірибені орындамас бұрын ең алдымен, оның сипаттамасын мұқият оқып шығу керек және қолданылатын заттардың қасиеттерін ұғыну керек. Ол үшін анықтамалықтарды пайдаланған жөн.




  • Үшінші: қырағы және сақ болу керек. Егер тәжірибе жанумен, түтін мен улы газдардың түзілуімен байланысты болса, онда оларды жағымсыз әсер қалдырмайтын жерлерде көрсету керек.



Мысалы, ашық аспан астында; егер тәжірибе кезінде қандай-да бір заттар шашырайтын болса, онда өзіңді қорғау үшін қорғаныш көзілдіріктерін пайдалану, көрермендерді қауіпсіз ара-қашықтықта отырғызу. Осындай ережелерді қатаң сақтау сіздің қызықты көрінісіңізді жетістікке жеткізеді және химиялық заттар сізді өзінің ғажайып айналуларымен таң қалдырады.
Тәжірибелік жұмыстарды жүргізгеннен кейін төмендегі тәртіп бойынша оны жеке журналға түсіріп отыру керек:

  • Жұмыстың мақсаты, анықталатын сипаттамалары мен оны анықтаудың әдістері туралы түсінік;




  • Қолданылатын құрал-жабдықтарды жазу (кестелер, суреттер);




  • Жұмыстың қысқаша орындалу әдістемесі;




  • Кестелер, қажетті кескіндер түрінде бейнеленген зертханалық тәжірибенің нәтижесі;




  • Жүргізілген әр жұмыс бойынша қорытынды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет